БЮРОДА БІРІГЕЙІК, ЖАНАШЫРЛАР!

0 142

19001

2 маусым – 6 шілде аралығында Астана күніне арналған «Игі істер бюросы» бірегей жобасы іске қосылады. Бұл туралы елорданың 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарланды.

Жобаның ғаламтор-анықтама сипатындағы арнайы сілтемесі Астана қаласы әкімінің www.astana.gov.kz. сайтында «Игі істер бюросы» бөліміне орналастырылады. Онда кез келген адам қаржылай, техникалық, гуманитарлық, волонтерлік және басқалай да көмекке мұқтаж жандарға қолұшын соза алады. Атап айтсақ, жетімдер үйі, интернат тәрбиеленушілеріне, көпбалалы отбасылар, қатерлі ауруға душар­ болған, қаражаттан қысыл­ған қарт­тар­ға және қоғамның басқа да әлеу­меттік әлсіз топтарына көмек­­­те­суге мүм­кін­дік алады. Анық­та­мада көмекке мұқтаж жан­дар­дың тікелей байланыс нөмір­ле­рі мен қажеттіліктері жазылады.
«Игі істер бюросы» акциясы аясында қайырымды іске белсенді араласқан азаматтарға Астана қаласы әкімі атынан алғыс хаттар беріледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − six =