БЮДЖЕТ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

0 129

Астаналық мәслихатта қалалық Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, оған елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукин қатысты.

1433238046_money2_etoday-kz

Алдымен жиында Қо­ғамдық кеңестің отырысын­да қаралатын мәселелер ай­қындалды. Одан кейін ел­ор­­-далық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Ас­тана қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және бас қаланың 2017-2019 жылдарға арналған бюджетінің жобасы жайындағы екі мәселеге орай Андрей Лукин баяндама жасады.
Қала әкімінің орынбасары өз баяндамасында алдағы үш жылға арналған бюджет жобасы Қазақстан Республика­сының Бюджет кодексіне, жергілікті бюджеттерді әзірлеу ереже­сіне сәйкес әзірленіп, дайын­далғандығын жеткізді. Одан кейін елорданың биылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайында қыс­қаша сөз қозғады. «Биылғы тарихи жыл да аяқталып қалды. Соңғы тоғыз айдағы есеп бойынша Астананың экономикалық қуаты еселеніп, салық түсімдері де жоғары­лады. Шағын және орта биз­нестің де дамуы ерекше рөл атқарып отыр» деді ол. Содан соң баяндамашы қоғамдық кеңес мүшелеріне алдағы үш жылға арналған бюджеттің жобасын таныстырды. Онда әлеуметтік салаға бөлінген қаржы көлемі де айтылды. Са­лық түсімдері де сөз болды. Тазалық жұмыстарына да ерекше мән беріліп отырғаны баян­далды. Қысқасы, отырыста үш жылға арналған бюджет жобасы кеңірек сарапқа салынды. Кеңес мүшелері де елорда әкімінің орынбасарына бюджет жобасына қатысты сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Сонымен бірге Қоғамдық кеңесте Астана қаласының мектепке дейінгі ұйым­да­рындағы 2017 жылға бір тәр­биеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мем­лекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржы­ландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту және «Астананың Сәулет және қала құрылысы басқармасы көрсететін мем­лекеттік қыз­меттердің рег­ламенттерін бе­кіту туралы»
Астана әкімді­гінің 2015 жылғы 19 қара­шадағы №120-2110 қаулы­сына өзге­рістер енгізуге байланысты осы басқарманың жауапты тұл­ғалары қысқаша баяндап өтті. Сондай-ақ, отырыста Астана азаматтарының жекелеген санаттарына қа­ла­­­лық бағ­­дарлардың жолау­шы­лар көлігінде жол жү­руге төлем төлеуден босату тү­рінде әлеуметтік көмек көр­­сету тәртібі мен «Аста­на­­ның Ком­муналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу­лар басқармасы туралы ере­жені бекіту туралы» елорда әкім­дігінің 2015 жылғы 9 қыр­кү­йектегі №10-1568 қаулысына өзгерістер енгізу жайында да мәселе қозғалды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + eight =