БЮДЖЕТ ЕСЕБІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0 192

1306135106_0_51209_b389220c_orig

Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда Астана қаласының 2013 жылға арналған бюджетінің орындалуы талқыланды.

Қ.Құлмұқанов төрағалық еткен отырыс­тың күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық Қаржы басқар­масының басшысы Руслан Досаев баяндама жасады. Оның айтуынша, өткен жылы қала бюджетіне 323 839,2 млн теңге түскен немесе ол жоспарлы 319 036,3 млн теңге сомасына, яғни 101,5 пайызға, нақтырақ айтсақ, 4 802,9 млн теңгеге артық орындалған.

Астана қаласы бюджетінің 2013 жылғы шығыстары жоспардағы 332 406,9 млн теңгеден 99,4 пайызға орындалып, 330 516,7 млн теңгені құрады.
Елордадағы әлеуметтік салаға қатысты басқармаларда былтырғы бюджеттің игерілуіне тоқтала келе, Р.Досаев жалпылай алғанда, Астана қаласы әкімдігімен 2013 жылғы жергілікті бюджеттің өзекті параметрлері орындалғанын атап өтті.

Одан әрі әлеуметтік саладағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан 2013 жылға бюждеттің орындалуы туралы баяндаған Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.Молдаш аталмыш басқармалар арасында Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларының бұзушылықтары айқындалғанын айтты. Басқарма басшылары болса бюджеттік қаражаттардың уақытылы игерілмеуінің себептерін түсіндірді.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы Астана қаласының 2013 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы есепті назарға алуды және қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізуді ұсынды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 3 =