«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Bus Lane тиімді ме?

0 18

Елорда әкімдігінің сайтында Bus Lane-де жеке автокөліктердің қарбалас уақыттан тыс және демалыс күндері жүру мәселесі бойынша наурыз айының басында дауыс беру өтті.

0ed0cea05929ac011b45493d95122807

Онлайн-дауыс беруге 706 адам қатысты, респонденттердің 58 пайызы елорда жолдарында көлік нөпіріне алып келеді деп санайды, ал 41 па­йызы бұл бастамаға қолдау білдірген.

«Қаладағы кептеліс таңертеңгі сағат 7:30-дан басталып, 10:00-ге дейін созылуы мүмкін, сол сияқты аралық уақыт бар, түскі уақытта кейде 13:00-ден 14:00-ге дейін көлік көп жүреді. Негізгі қарбалас шақ – кешкі уақытта, кейбір учаскелерде 3-4 сағатқа дейін созылады, ол шамамен 18:00-ден басталып, 21:00-ге дейін жалғасуы мүмкін» дейді «CTS» көлік компаниясы жол қозғалысын ұйымдастыру бағытының жетекшісі Думан Ысқақов.

Елордада Bus Lane арнайы бөлінген жолағының жалпы ұзындығы 73,6 км көшенің 26 учаскесінде енгізілген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды