БУРАБАЙҒА КҮНДЕ БАРАДЫ

0 184

ожетпес

Астана мен Бурабай курорты­ бағытында қатынайтын «Оқжетпес» пойызы енді күн сайын жүретін болды.

Жазғы демалысқа байланысты жолаушылардың көп жүретінін ескерген «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы осындай шешім шығарған. Енді күн сайын жолға шығатын «Оқжетпес» пойызы Астанадан 18 сағат 55 минутта аттанып, Бурабайға 21 сағат 46 минутта келеді, өз кезегінде Бурабайдан 22 сағат 40 минутта шығып, Астанаға 01 сағат 37 минутта жететін болады. Жүрдек пойыз жолда ешбір станцияға тоқтамайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one − one =