БҰЛ КҮНІ СПОРТПЕН ӘР АДАМ ШҰҒЫЛДАНА АЛАДЫ

0 119

Бүгін және ертең елімізде спортсүйер бұқара Қазақстан Республикасындағы Олимпиада күнін атап өтеді. Біз осы айтулы спорттық мереке қарсаңында Ұлттық олимпиадалық комитеті Астана қалалық бөлімшесінің төрағасы, Астанадағы «Дәулет» спорт комбинаты» МКҚК кешенінің директоры Қуандық Елжановты әңгімеге тарттық.

– Дәстүрлі Олимпиада күнін атап өтуге биыл алдын ала қолға алынған дайындық шараларын атап өтсеңіз…
– Мысалы, биыл салтанатты­ ашы­лу рәсімі «Астана-Бәй­те­рек»­ мону­мен­ті­­нің алдында өтетін елордамыздың олим­­пиа­далық стар­ты­­на 5 мыңдай адам­ның­ қатысуы жос­пар­лан­ған. Арнайы бағ­дарламаға әртүрлі қашықтықтағы жүгі-­рістер, асфальт үстін­де­гі бала­лар­ су­рет­те­рінің байқауы, Қысқы Олимпиадалық ойындардан викторина және басқа да жарыстар енді. Сондықтан осы екі күнді мерекелеуге жүгі­ріс пен өзге спорттық сайыстарда өз күшін байқағысы келген әр жастағы ерікті адамның барлығы да қатыса алады. Ол үшін Астана қаласында әртүрлі жас топта­рына арналған жеке жүгірістер, маз­мұн­ды спорттық бағдарламалар ұйым­дас­­ты­рылды.

– Ал, жарыс жеңімпаздары қандай жүлделермен марапатталады?
– Оларға Ұлттық Олимпиадалық коми­те­­ті­нің естелік сыйлықтары, жарыс демеу­­­ші­­­ле­­рі­­нің­ жүл­де­ле­рі және Әлем­­дік Олим­пиа­да­ күнінің символи­ка­­сы бар майкалар табысталады. Сон­дай-ақ,­ әрқайсысы Халықаралық Олим­­­пиа­­­да­­­ күнінің президенті Жаке Рог­­ге­нің қолтаңбасы жазылған Олим­пиа­да­ күніне қатысушының серти­фи­ка­тын алады. Тағы бір мақтана алатын ерекшелігіміз – Қазақстандағы Олим­пиа­да­ күні қалыптасқан дәстүр бойынша басқа елдерден ерте, яғни 19 мамыр күні өткізілетіндігі.

– Бұл жолғы сіздермен серіктестер қатарында қай мекемелер бар?
– Біздің серіктестер – 2003 жылы құрыл­ған корейлік «Allur Auto» мен «Ssang Yong» компаниялары, TASSAY сау­да маркасы және «Альянсстройин­вест» ЖШС. Негізінде, өзіміздің «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ бас серіктес болып отыр.

Е.БОЛАТҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =