БҰЛ БАЙҚАУ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «БОМБА»!

0 93

Денис МАЦУЕВ:

Өнерде шекара жоқ. Осыған көз жеткізе түскендей, соңғы күндері бар өнерін Астана тұрғындары алдында паш ету үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жас пианистер жиналған.

Бұл – еліміздің мәдени өміріндегі бір құбылыс деуге болады. Дүние жүзіне танымал пианист Денис Мацуевтің жетекшілігімен тұңғыш рет «Astana Piano Passion» жас пианистердің І халықаралық фестиваль-байқауы мәресіне таяды.

Өнер мен руханият са­­ласына шуағын шашар бұл ізгі шара өткен жыл­­ғы­­ «Астана Аккорд­­та­­ры»­­ (Accordi di Astana) кла­­с­­сикалық музыка­­сы­­ның­­ алғаш­қы халы­­қа­­ра­­­­лық фестива­лі­нен бас­­тау алған. Клас­­си­­ка­лық өнер­­дің қазақ же­­рінде та­­мыр жая тү­­суі үшін бұл бастамаға қа­­ла әкімі Иманғали Тас­­мағам­­бе­­тов­­ тікелей бастамашы бол­­ған еді.

Әуелі айта кетейік, бү­­гінгі күні әлем тың­­дар­­­­мандары асыға күте­­тін­ ресейлік пианист Де­­­­нис­­­ Ма­­цуев­ өнер­­­ кө­­­­­­гін­­­­де­ 1998 жыл­­дан­ бе­­рі­­ жарқырап кө­­­­­­рі­­не­­ бас­­та­­ған.­­ Сол жы­­­­лы Мәскеуде өт­­кен П.И.Чайковский атын­­­­да­­ғы ХІ Халықара­лық байқауда жас талант­­тың­ жұлдызы жанған еді.

Ол түймешелері ша­­шақша таралған күй­­сан­­дықтың құдіретін аша­­ түс­­кен­­дей­­ бол­­ды.­­ Си­­қыр­­­­­­лы­­ сау­­сақ­­та­­ры­­мен­­ әдет­­­­тегі аспаптан небір жан­­ тебірентер күй тө­­гіл­­­­діріп, әсем музыка ту­­ды­­ра білді.

Өнерге өз ерекшелігімен келген­ тұлғаны музыкасүйер қауым бай­­қа­­май қалған жоқ. Оның талантына шын ықылас танытып, ілтипатын біл­­дірді. Төрінен орын берді. Со­­ның­­ арқасында санаулы жылдар ішін­­де Мацуев Эдинбург фестивалі (Ұлыбритания), «Festspielhaus» Баден-Баден, «Schleswig-Holstein» жә­не «Rheingau» (Германия), Вер­­бьедегі музыкалық фестиваль (Швейцария), «Ravinia» және «Ho­­l­­ly­­wood Bowl» (АҚШ), Санкт-Пе­­тер­­бордағы (Ресей) «Жарық түн­­дегі жұлдыздар» сынды беделді фес­­тивальдерге қатысып, биіктей бер­­ді. Мәскеу консерваториясының Үл­­кен залынан бастап, Еуропаның әй­­­гілі залдары – Амстердамның «Con­­certgebouw», Париждің «Salle Pleyel», Венаның «Kon­­zert­­haus», тағы басқа сахналарда же­­ке концертін қойды. Ресейдің, Еуропаның, Солтүстік Американың және Азия елдерінің жетекші симфо­ния­­лық оркестрлерінің тұрақты се­­рік­­­­тесіне айналды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Астана күніне келгеннен кейін музыкант қа­­зақтың бас қаласына ынтызарлық танытқан. Тіпті, бір сәттерде елор­­дамыз­­дың Лас-Вегасқа ұқсап қала­­ты­­нын айтып, таңданғанын да жа­­сыр­­­­маған еді.

Бүгінгі күні Ресейдегі пианино мек­­тебінің белді өкіліне айналған тұл­­ғаның бұл ықыласын қазақ мәде­­ние­­тінің қарыштап алға дамуын қа­­лайтын азаматтар да құр жіберген жоқ. «Astana Piano Passion» жас­­ пиа­­нистердің халықаралық фес­­ти­­ва­­лі осылай дүниеге келді…

Сонымен, 9 бен 18 жас ара­­лы­­ғын­­дағы жас пианистер байқауына қа­­ты­­суға ниеттілер өткен наурыз айында алғашқы тыңдаудан өткен еді. Оған әлемнің 20 шақты елінен Денис Мацуевтің өнерін үлгі тұтқан 130 жас өнерпаз қа­тыс­­қан болатын.

Қазақстан, Ресей, Ук­­раина, АҚШ, Италия, Дания, Сингапур, Корея, Австралия, Қытай және Жа­пония елдерінен қа­­тысып отырған жас пианистердің қай-қай­­­­сы­­сының да бір ар­­маны – сиқырлы сау­­сақ­­тардың иесі – Де­­нис Мацуевтің мек­­тебін көру екені анық еді. Ал Мацуевтің өзі­­ осы байқауда аты оз­­ған­­­­дардың бағалы сый­­­­лық­­тарға ие болып қа­­на қоймай, өзімен бір­­ге үлкен сахналарға да көтерілуге мүм­­кін­­дік алатынын айтқан.

Енді, міне, жас пианистерден іріктеліп алынған 30 үміткер үшін сын сағат басталды. Қуантатыны, бағдарламаға Ғ.Жұ­банова, А.Нұралиева, Ө.Не­сіпханов, А.То­­лып­­қаев, Б.Баяхунов, тағы басқа қазақ ком­­по­­зиторларының туындылары да енген.

Бәйгеге әлемнің бір­­неше елінен ша­­қы­­рыл­­ған өнер май­­талмандары қазылық жасады. Атап айтқанда, қазылар алқасы қа­­тарынан Құрманғазы атындағы қазақ консерваториясының ректоры, профессор Жәния Әубәкірова, «Астана-Опера» опера және балет театрының директоры, композитор Төлеген Мұхамеджанов, Мәскеу кон­­серваториясының профессоры Валерий Пясецкий, Мәскеу консер­ва­­­­ториясы мен Бостон уни­­вер­­си­­те­­ті­­­­­нің профессоры Павел Нерсесьян, Ир­­ландия королевалық музыка академиясының профессоры Джон О’Кон­­нор және АҚШ, Жапония, Бра­­зилия іргелі өнер мектептерінің ең үздік ұстаздары көрінді. Ал Денис Мацуев «Astana Piano Passion» пиа­­нис­­тер байқауының көркемдік жетек­шісі әрі қазылар құрамының құр­­метті мүшесі болды.

Бірнеше күнге созылған байқау 14 мамыр күні жас өнерпаздардың «Қазақстан» ор­та­­лық­­ концерт­ за­­лын­­да­­ғы концерті­­мен жалғасты. Концертті Ас­­тана қалалық фи­­лар­­­­­­мониясының Мем­­лекеттік симфо­­ния­лық оркестрі сү­­йе­­мелдеді. Оған Қа­­зақ­­станның еңбек сіңірген қайраткері Ер­­жан Дәуітов ди­­ри­­жерлік жасады. Кеш­­ барысында­ фес­­ти­­­­вальдің көр­­кемдік же­­текшісі Денис Мацуев ізбасарларының аяқ алысына сүй­­сін­­ге­­нін жасырмады. «Мені бұл кештер сөз­­­­бен айтып жекізе ал­­мастай керемет­­ әсер­­ге бөлеп отыр. Астанадағы бұл оқи­­ға­­ны сенсация деуге болады, басқаша айту мүм­­кін емес. Жоқ, сен­­сация ғана емес, бұл – халықаралық «бом­­ба»! Байқау өте жо­­ғары деңгейде өтіп жа­­тыр. Оны тамашалап­­ отыр­­ған­­дардың да, әділ қазылардың да әсері күшті, бәрі риза. Ал балалар жан-тәнімен музыканы те­­рең­ сезініп, еркін әрі ересек адамдар сияқ­­ты орындап отыр» деді.

Түстен кейін жасына қарай ірік­­теліп алынған орта топтың өнер­­паз­­да­­ры өнер көрсетті. Ал кеше сыннан ірік­­теліп алынғандар оркестрмен бір­­ге шығармалар орындап, тағы бір қырынан көрінді.

Айта кететін жайт, бұл байқау ар­­найы сайт арқылы тікелей тран­­с­­ля­­циямен таралып отырған. Әр­бір­­ концертті әлемнің түкпір-түк­­пірінен мың жарым адам тамашалап отырды. Олар тікелей көрсетілім арқылы концертті ғана емес, Қазақстан астанасының даму жағдайын, ең үлкен, салтанатты концерт залының мүмкіндігін де көріп, хабардар болды. Жалпы, Денис Мацуевтің жетекшілігімен алғаш рет өтіп отырған бұл байқаудың жер жүзіндегі өнер сүйер қауымды қызықтыра түскені анық. Оған, әрине, жиырмаға тарта елден ең таңдаулы жастардың келгені себеп болды.

Бұл байқаудың бір сыйы – осынау үлкен шараның басы-қасында жүрген атақты музыкант Денис Мацуевтің өзінің концерті деуге болады. Ол 14 мамыр күні «Қазақстан» залында байқаудың жартылай финалистерімен бірге өнер көрсеткен еді. Кеш тосын сыйлар мен өнер шашуларымен таң қалдырды. Ресейдің халық әртісі Денис Мацуев алғашқы бөлімді өзінің төлқұжатына айналған П.И.Чайковскийдің «Аңызға айналған уақыт» атты он екі пьесасын орындаумен бастады. Екінші бөлімде жартылай финалға шыққан байқау қатысушыларына кезек берілді. Олар да атақты әртістерден кем болған жоқ. Өздерін жеке-жеке таныстырып, шығарып жатқан әлемге әйгілі өнер жұлдызының сенімін ақтайық дегендей, шығармаларын барынша ықыласпен орындады. Соңынан қатысушыларға Денис Мацуев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың атынан сыйлықтар табыстады.

Бір аптаға созылған байқаудың қорытын­­ды­­сы бүгін жарияланбақ. Жеңімпаздарды марапаттауға арналған гала-концерт «Қазақ­­стан» концерт залында өтетін болады.

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − six =