Бухарестте – «Қазақстан», Нұр-Сұлтанда – Эминеску

0 14

Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Бухарест қаласының мэриясы арасында мәдени әріптестік жөнінде меморандум жасалды. Соған орай Румыния астанасында Абай Құнанбайұлының мүсіні бой көтеріп, «Нұр-Сұлтан» саябағы ашылды.Елордада өз кезегінде «Бухарест» саябағы пайда болды. Ал кеше Бухарест­тегі саябақтың біріне «Қазақстан» атауы беріліп, Нұр-Сұлтан қаласының «Жасыл орам» ауданында Румыния әдебиетінің классигі Михай Эминескудің мүсіні ашылды.

Румын ақынының мүсіні демеушілер қаржысы есебінен бой көтерді. Шара барысында Бухарест пен Нұр-Сұлтан арасында бейнебайланыс орнатылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + 18 =