Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы

0 54

Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып берді.

– Сақтаған Кәкімбекұлы, оқырмандарымызға атқарып жатқан жұмыстарыңыз жайында айтып берсеңіз?
– Биыл біздің Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Осыған орай өтіп жатқан барлық іс-шаралар БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады. Осы уақытқа дейін барлығы 7 мың адамды қамтыған 50-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді.
– Енді партияның әлеу­меттік жобаларына жеке-жеке тоқталсақ?
– Жұмысты ұйымдас­тырудағы жобалық тәсіл қазіргі менеджменттің ең перспективалы бағыты болып табылады. Филиал жүйелі негізде «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ұлттық мұра» партиялық жобаларын іске асыруда.
– Мәселен, «Бақытты отбасы» жобасы аясындай қандай жұмыстар жүргізілді?
– «Бақытты отбасы» жобасы аясында жыл басынан бері 16 326 ересектер мен балаларды қамтитын 410 іс-шара өткізілді. Партия филиалы мен мәслихаттағы фракция депутаттары азық-түлік жиынтығымен халықтың әлеуметтік осал топтары қатарына жататын 4 127 отбасын қамтыды. Өмірлік қиын жағдайдағы отбасын анықтау және қолдау бойынша партия­ның 4 аудандық филиалы құрамында басқарма өкілдері, ювеналды полиция, партия белсенділері бар 4 мобильді топ жұмыс істейді. Осылайша 1 жартыжылдықта осындай 78 отбасына құжаттарды ресімдеу, жұмысқа орналастыру, АӘК, отынмен қамтамасыз ету және т.б. бойынша нақты көмек көрсетілді. Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес белсенді жұмыс істейді. Білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының сайлауалды бағдарламасы мен жобасы бойынша атқарған жұмыс­тары үнемі талқыланып отырады. Яғни жергілікті атқарушы органдарға жіберілген ұсынымдардың 70%-ы орындалды десе болады. Кеңес мүшелері инклюзивті білім беруді дамыту бойынша оқу орындарына жүйелі мониторинг жүргізуде, қазіргі уақытта олар ЖОО мен колледждердің 100%-ын, мектептердің 15%-ын және балабақшалардың 20%-ын қамтыды. «Баланы мектепке жинайық» акциясы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 1 435 балаға портфельдер мен кеңсе тауарлары табыс етілді.
– Ендігі сөзімізді келесі жоба бойынша сабақтасақ?
– «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында біз медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың өмір сүру жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырамыз, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бастамашылық жасаймыз. Барлық жалғызбасты және аса мұқтаж қарт азаматтарға атаулы көмек көрсетеміз. Егде жастағы адамдар үшін олардың өмір сапасын, дербестігін, денсаулығын күту мен нығайтуды жақсарту мақсатында Белсенді ұзақ өмір орталықтары жұмыс істейді. Аталмыш жобасы аясында 8 350 адамды қамтыған 406 іс-шара өткізілді. Қарт адамдардың бос уақыты мен белсенді ұзақ өмір сүруін ұйымдастыру үшін елорданың 4 ауданында 52 шағын орталық пен бос уақыт орталықтары жұмыс істейді. 2021 жылы қалалық ардагерлер кеңесі жанынан Бос уақыт орталығы ашылды. Міне, жетінші жыл болды филиал Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жалғызілікті тыл еңбеккерлеріне қамқоршылық жұмыстарын жүргізіп келеді. Жасотандықтар жыл сайын көктемде және қыста жеке сектордағы 300-ге жуық үйді тазалап, абаттандырады. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту, қоғамда оларға сыйластықпен және құрметпен қарым-қатынас жасауды қалыптастыру бойынша жұмысты әрі қарай жалғастыра береміз.
– «Кедергісіз келешек» жобасы бізге не берді?
– Ал енді «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында айтар болсақ, 9 ай ішінде 428 адамды қамтыған 52 іс-шара өткізілді. Мысалы, «Игі істер марафоны» аясында мүмкіндігі шектеулі балалары бар 70 отбасыға қолдау көрсетілді. «Мейірім: шығармашылық және мейірімділік баспалдақтары» атты балалар шығармашылығының III инклюзивті музейлік фес­тивалі ұйымдастырылды.
– Жоғарыда өзіңіз тілге тиек еткен төртінші жоба аясында да біраз шаруа атқарылған шығар?
– Әрине. «Ұлттық Мұра» партиялық жобасы аясында тоқсанның 9 айында 549 адамды қамтыған 55 іс-шара өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша партия мүшелеріне, жастар мен балаларға 29 экскурсия, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен дін және мәдениет мәселелері бойынша студенттермен кездесулер, Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚХА мүшелерімен дәрістер өткізілді. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қарттар арасында шахмат турнирі өтті. Біз қазақстандық отбасылардың әл-ауқатының артуын, сәбилеріміздің бақытты балалық шағын, өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге, қарттарға қамқорлық жасауға ұмтыламыз.
– Ал енді қоғамдық қабылдау жұмыстары жөнінде не айтасыз?
– Биылғы 1 қаңтардан бастап қоғамдық қабылдауға 4 439 адам жүгінді. Оның ішінде 66,9% (2974) оң шешімін тапты, 31,5 пайызына (1395) түсініктеме берілді, 1,6%-ы (70) – назарымызда. Халық әртүрлі мәселелер бойынша келеді. Мәселен, оған халықты әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер бөлу, жұмысқа орналастыру және еңбек даулары, ұсыныстар мен ұсынымдар, денсаулық сақтау мәселелері, білім беру, құқық қорғау жүйесінің мәселелері, банк қызметі, кәсіпкерлік, құжаттау, шағымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты мәселелер кіреді. Жүгінген қала тұрғындарының 84,4 пайызы – әйел­дер, 57,3%-ы – 30-дан 44 жасқа дейінгі орта жастағы адамдар (45-тен 60 жасқа дейін – 24,6%, 18-ден 29 жасқа дейін – 8,3%), 29,6 пайызы – көпбалалы және 10,9%-ы – толық емес отбасылар, 6,7%-ы – ерекше қажеттіліктері бар адамдар және 7,7%-ы – зейнеткерлер.
Сонымен қатар, «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында заңгерлер, медиаторлар мен нотариус­тар 31 қабылдау өткізіп, 99 азаматқа консультативтік көмек көрсетті. «Кедергісіз келешек», «Әділет кеңес береді», «Ата Заңым – айбыным» акциялары өтті. Қала тұрғындарына «Заң Ақиқат Астана» ЖШС, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ, «Практикус «Заңгерлер мен медиаторлардың Еуразия­лық одағы» РҚБ, «Астана Заңгерлік және Медиация орталығы» медиаторлар орталығындағы кәсіби заңгерлер мен медиаторлар ұйымы күнделікті өтеусіз көмек көрсетеді. Ай са­йын елорда тұрғындары үшін кешенді қабылдаулар мен консультацияларды Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының, Нотариаттық палатаның, ЖСО палатасының өкілдері жүргізеді.

Сұхбаттасқан
Бауыржан СЕГІЗБАЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − fifteen =