БҮГІН «ШАБЫТ» БАСТАЛАДЫ

0 111

«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фес­тивалі биыл қатарынан он тоғызыншы жыл ұйым­дастырылып отыр.

shabyt

3 қарашада басталып, кіл та­ланттың басын қосатын бірегей конкурста бұл жолы 644 қатысушы бақ сынайды.
Үздік шығармаларға бүгіннен бас­тап баға беріледі. Жастар «Бейнелеу өнер», «Үздік әдеби шығарма», «Хореография», «Халық музыкасы», «Классикалық музыка» және «Эстрадалық вокал» аталымдары бойынша шеберліктерін байқатады.
Байқау басталмастан бұрын бізге қалалық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұловтан биылғы «Шабыттың» ерекшелігі туралы сұрап білдік.
– Фестивальдің ауқымы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Биыл бас жүлдені еліміздің таланттары ғана емес, Әзербайжан, Бурятия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Украина секілді елдердің өкілдері сарапқа салады. Осы жолы «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша бақ сынайтындар едәуір көп. Олардың саны – 192. Одан кейін «Хореография» мен «Халық музыкасы» жанрларында өнер көрсететіндер жетерлік. Былтырғы «Шабыттың» жаңалығы – «Цирк өнері» санаты болған. Бұл байқауда әр аталымның жүлдегерлері ғана анықталып қоймай, басты жүлде – Президент кубогы табысталады, – деді басқарма басшысы.
Фестиваль қарашаның 8-іне дейін жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 1 =