БҮГІН – ФИНАЛ

0 123

BRS_6895

Өткен сенбіде Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін шайбалы хоккейден V халықаралық турнир басталды.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Ал, Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин ал­ғашқы кездесудің шайбасын ойынға қосты.

Турнирде Қазақстан мен Ресейдің алдыңғы қатарлы хоккей командалары ойнап жатыр. Бірінші ойында «Авангард» Новокузнецкінің «Металлург» командасын 5:2 есебімен ойсырата ұтты.

Келесі кездесуде «Барыс» Нижнекамскінің «Неф­те­химигімен» айдынға шығып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Роман Старченко мен Талғат Жайлауов соққан 2 голмен алға озған «Барысты» «Неф­техимик» командасы қуып жет­кен болатын. Матч тағдыры овертаймда шешілді. Кевин Даллмэннің пасын қақпаға дәл бағыттаған Брэндон Боченский «Барысқа» жеңіс алып келді.

Алайда, ойынды өте жоғары деңгейде бастаған Андрей Назаров шәкірттері келесі қарсыласы азулы «Авангардқа» 2:1 есебімен есе жіберіп алды. Сол күні но­вокузнецкілік «Металлург» пен нижнекамскілік «Нефтихимик» бақ сынасып, буллит сериясында 3:2 есебімен «кеншілер» жеңіске жеткен болатын.
Бүгін V халықаралық тур­нирдің соңғы ойындары болады. Іріктелген кіл мықтылардың арасында 2 ойын өтеді, яғни, үшінші және бірінші орын үшін таласады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × five =