БҮГІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТЕДІ

0 142

news1012_1

Бүгін Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған елорданың «жасыл белдеуі» аумағын санитарлық тазарту бойынша экологиялық акция өтеді. Шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында ұйымдастырылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Ішкі саясат басқармасынан хабарлады.

Ұйымдастырушылар шараға 600 астам адам қатысады деп жос­парлап отыр. Соның ішінде ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің, Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Астана қаласы бойынша Экология департаментінің қызметкерлері, «Астана орманы» және «Астана Эко-Полигон НС» ЖШС коммуналдық кәсіпорындарының, «PosadiDerevoKZ» республикалық қоғамдық бірлестіктің өкілдері, сонымен қатар ҚР Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, белсенді студенттер мен еріктілер қатысады.

Алаш тас жолының бойындағы аумақта заңсыз тасталған қоқыс орындары тазартылып, жойылады. Ұйымдастырушылар барлық астаналықтарды қалыс қалмай, қаламызды жинауға бағытталған акцияға қатысуға шақырады. Шара 5 маусымда сағат 9.30 басталады.

Айта кетейік, 1972 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 5 маусымды Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп белгілеп, бүкіл әлем жұртшылығын қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға бағытталған шараларды өткізуге шақырды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × four =