БҮГІН: «АСТАНА» VS «ВИЛЬЯРЕАЛ»

0 97

астана vs вильяреал

«Астана Арена» стадионында бүгін тарихи ойын болғалы тұр. УЕФА-ның Еуропа лигасында төртінші раундқа өткен астаналық команда плей-офф матчында Испанияның «Вильяреал» командасын қабылдайды.

Кеше қос команданың бас бапкерлері матч алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді. «Астана» тізгінін ұстаған болгариялық Станимир Стойлов команданың тартысты матчқа дайын екенін айтты. «Әрине, бұл жекпе-жекте испаниялық команданың фаворит екенін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ футболдың аты – футбол. Біз осыған дейін швециялық АИК командасымен өз алаңымызда тең ойнағанда, көпшілік Стокгольмде ұтыламыз деп даурыққан еді ғой. Ал біз болсақ 3:0 есебімен тізе бүктірдік. Сондықтан жеңуге шанс жоқ емес, бар. Осы орайда, әсіресе жанкүйерлерімізге сеніммен қараймыз. Бізге қызу қолдау көрсетеді деп» деп түйіндеді өз сөзін астаналық бапкер.

Олай болса, біз де өз тарапымыздан командамызға қолдау көрсетейік дегіміз келеді. Матч сағат 21.00-де басталады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − three =