БОЗДАҚТАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

0 177

Кеше Астана қаласындағы «Ауғанстан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер мемориалы» ескерткіші алдында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағына кіргеніне 33 толуына орай митинг өтті.

Алдымен жауынгер-интернационалистер ме­шіт пен шіркеуде болып, соғыс даласында қаза болған майдандас достарының рухына құран бағыштау рәсіміне қатысты. Ескерткіш алдын­дағы митингке жауынгер-интернационалистер, соғыста қаза болған жауынгерлердің ата-аналары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әскерилер мен студенттер қатысты.

Митингке жиналған қауым алдында Ауғанстан соғысының ардагерлері генерал-майор Әлімжан Ерниязов, Мәжіліс депутаты, Ауғанстан соғы­сы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан арда­герлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» ҚБ төрағасы Мұратбек Әміржанов сөз сөйлеп, соғыс кезінде қаза болған қазақстандықтардың ерлігін атап өтті.

Боздақтарды еске алу шарасы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

Балкен ҚАСЕНОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + 16 =