БОУЛИНГКЕ БАРЫП, БОЙ ЖАЗДЫ

0 159

Наурыз қарсаңында жарымжан жандар арасында боулингтен жарыс өтті. Бұл тек ойын-сауық шарасы ғана емес, басқосудың басты мақсаты – мүгедектердің сағын сындырмай, оларға қолдау білдіру. Игі шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. 

10-1

– Қазақстанда 648 мың мүгедек бар. Оның 90 пайызға жуығы медициналық оңалтуға мұқтаж. Біздің міндет – мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамда еркін өмір сүруіне көмектесу. Мәселен, Жапонияда мүгедек жарты жылдық ем қабылдап, жұмысқа шыға береді. Ал жетінші айда мемлекетке салық төлей бастайды, – дейді «Мүгедек жастар қоғамы» бірлестігінің төрағасы Мұрат Әбдімомынов.

Оның айтуынша, елордамызда балаларға арналған үш бірдей оңалту және бейімдеу орталығы жұмыс істейді. Бірлестіктің мүгедектерді емдеу үшін қажетті қондырғылары бар. Алайда жалға алу құнын қалталары көтермейді. Сол себепті де, олар өзінің оңалту орталығын ашуға мүдделі.

«Жастар театрының» актері Дәурен Серғазин, «Qazaq Brand» компаниясының басшысы Сырым Әбдірахманов және басқа да еріктілер осы арадан табылып, балалардың көңілін көтерді. Алты ойыншыдан құралған төрт команда арасындағы жарыс тартысты өтті.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + 5 =