Ботаникалық бақта спортшылар ағашы бар

0 58

Нұр-Сұлтан қаласының спортшылар қауымы Ботаникалық бақта ағаш отырғызды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған шараға ел намысын байрақты бәсекелерде қорғап жүрген спортшылар қатысты.Бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы Серік Са­пиев, әйелдер арасындағы күрестен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Гюзель Манюрова, таэквандодан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман Чилманов, бокстан жастар арасында Олимпиада ойындарының жеңімпазы Айбек Оралбай, бокстан жастар арасында әлем чемпиондары Нұрбек Оралбай, Санжар Ташкенбай, джиу-джитсудан әлем чемпионы Айдар Махметов, аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай және тағы басқа да спортшылар ағаш отырғызып, бас қаламызды көгалдандыруға өз үлесін қосты.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев спортшыларға алғысын білдіріп, бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.
«Спортшылар қауымы игі істерде де, қоғамдық шараларда да үнемі алдыңғы қатардан табылады. Бүгінгі шара да соның бір дәлелі. Мереке қарсаңында осындай игі бастаманы қолға алып, еліміздің батыр ұл-қыздарымен Ботаникалық саябақта тал отырғызып жатырмыз. Қаламызды көгалдандыру, айналамызға қамқорлықпен қарау – әрқайсымыздың парызымыз. Алдағы уақытта елордамыздың басқа да саябақтарында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарда бар» деп атап өтті С.Ерғалиев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 2 =