Ботаникалық бақ абаттанды

0 38

Салынғанына екі жылдан асқан Ботаникалық бақ елорданың көрікті, тұрғындар көп баратын орындарының біріне айналды. Қазіргі таңда нысанды Есіл ауданы әкімдігінің балансына беру үдерісі жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта құрылған арнайы комиссия тиісті жұмыс жүргізуде. Соған қарамастан, биыл аталмыш аудан әкімдігі бақты абаттандыру бойынша біраз шаруа істеді. Бірақ аяқталмаған жұмыстар әлі де бар.  Таяуда аудан әкімі Берік Жәкенов нысан мердігерлері «Астана – Көгалдандыру құрылысы» ЖШС және BI Group компаниясы өкілдерімен бақты аралап, тиянақтайтын шаруа­ларды көрсетті. Әкімдік әзірлеген алда атқарылар жұмыстар альбомын тапсырды. Мердігерлер кепілді міндеттемелер аясында енді нысанды жетілдіруі тиіс.
Ал осы уақытқа дейін бақта 4 мың қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар, 10 мың шаршы метр аумаққа біржылдық гүлдер отырғызылды. 5 мың шаршы метр көгал алаңдары қалпына келтірілді. Суару жүйесі толығымен жаңартылды.
Биыл 920 мың шаршы метр аумақта айына екі рет шөп шабу жұмысы жүргізілді. Субұрқақтар реттеліп, қосымша күннен қорғайтын шатырлары бар 20 орындық, пластик қоқысқа арналған урналар орнатылды. Веложолдар сырланып, гранит тақтайшалары мен тротуарлар жаңартылды.
Осы жылы баққа серуендеуге, демалуға келушілердің саны едәуір көбейді. Сол себептен жаз бойы санитарлық тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілді. Күн сайын бақты 100-ден аса адам жұмыс істеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − 4 =