БОСТОННАН КЕЛГЕН ШАХЗАДА

0 125

0b164bc0543bd4d4b274f843bfaa8b43

«Астана Операда» П. И. Чайковскийдің «Аққу көлі » қойылады. Онда Бостоннан келген Лаша Хозашвили Зигфрид шахзаданың партиясын орындайды. Оның сыңары Одетта-Одиллияны Қазақстан балетінің мақтанышына айналған Әйгерім Бекетаева билейді. Балеттік спектакль бірінші «Жібек Жолы» халықаралық фестивалі аясында ұсынылып отыр.

Бостондық балеттің премьері Қазақстанға алғаш рет келетінін айтады. «Мен әлемнің ең жақсы театрларының бірі болып саналатын «Астана Опера» театры жайлы көп естідім. Бұл Мельпомена ордасы өзінің күллі мәдени кеңістіктегі ең қызықты және болашағы зор өнер ошағы екенін бүкіл әлемге мәлімдегенін атап өткім келеді. Егер нақты қазақстандық балет жайлы сөз қозғасақ, бұл жерде тамаша деңгейлі классикалық мектеп барын білемін. «Жібек Жолы» іспеттес фестивальдар мен дүние жүзі бойынша өтіп жатқан өзге конкурстардың арқасында Ерлан Аңдағұлов және Досжан Табылды сияқты Қазақстанның әртістерімен танысып үлгердім. Біз жақсы достармыз және мен олардың кәсіби деңгейін жоғары бағалаймын» дейді ол.

 «Аққу көлі» балетіндегі Зигфрид партиясы классикалық еркектер биінің үлгісі болып табылады. «Аталған партия жан дүниеме жақын. Шахзаданың рөлін ойнаған кезде балет өнерінің тамаша әлемінде жанымның қалай шырқап сала беретінін сеземін» дейді  Лаша Хозашвили. Сонымен қатар,  ол көрермендерге  бозбала мен бойжеткеннің нәзік сезімдері жайлы туралы терең ой негіз болған сырға толы және сиқырлы классикалық балет – «Аққу көлі» спектаклінен ләззат алуды тіледі.

Лаша Хозашвили Тбилисиде дүниеге келген. 2010 жылы бостондық балет құрамына премьер ретінде кірді. 1994 пен 2002 жылдар аралығында Тбилисидегі В. Чабукиани атындағы  хореографиялық училищеде оқыған. Кейін З. Палиашвили атындағы мемлекеттік опера және балет театрының балеттік труппасына жетекші солист ретінде қабылданды. Грузияның Мемлекеттік балеті құрамында билеп жүрген кезінде оны «Ballet Dance» журналы «ерлер труппасындағы ең сезімтал биші» деп атады. 2008 жылы ол Жильбер Альбер және Нина Ананиашвилидің «Жұлдыз» халықаралық сыйлығымен марапатталды.

Хозашвили грузия мем­лекеттік балет труппасының АҚШ-тағы және Жапониядағы гастрольдерін қатысты. Сондай-ақ, ол «Сполетто» және «Джейкобс Пиллоу» фестивальдарында «Аққу көлі» мен «Дон Кихотта» басты партияларда, сонымен қатар, Джордж Баланчиннің «Моцартиана» және «Duo Concertant» балеттерінде өнер көрсетті.

Еркежан Сәтімбек

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 11 =