Босаңсуға әлі ерте…

0 20

Әлемді індеген індеттің беті қайтқан жоқ. Демек, босаңсуға әлі ертерек деген сөз. Қазір Қазақстанда ғана емес, індетпен аяусыз күресіп жатқан елдердің бәрінде осындай жағдай қалыптасты. Карантиндік шектеулер алынса, індет қайта өршуі мүмкін. Сондықтан, сақтанудан басқа таңдайтын жол жоқ.Айтпақшы, елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы шектеу шараларының күшейтілуі мүмкін екендігін жоққа шығарған жоқ. Демек, бұрынғы алаңсыз-қамсыз қалпымызға тезірек қайтып оралу әрқайсымызға байланысты. Ендеше, ахуал тұрақтансын десек, көшеге шықпай, үйімізде отыр­ған абзал.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде індет жұқтырғандар саны артып бара жатқанына алаңдау­шылық білдірді. Бұл туралы Twitter парақшасында айтты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы кешегі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде сөйлеген сөзінде де індетпен күрестің аяқталмағанын мәлімдеді. Президент батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті індетпен күресуде ынтымақ пен бірліктің, жауапкершіліктің маңызы зор екенін қадап айтты. «Біз бірлігіміздің арқасында кез келген сынақты ынтымақпен еңсереміз деп сенемін» деген тілегін жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 13 =