Бос жұмыс орындарын ұсынады

0 14

Қала тұрғындары «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыс­тар» және «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламаларына қатыса алады.Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеген және «жұмыссыз» мәртебесі бар азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды ұсынады. Бағдарламалар бойынша бос орындар тізімі орталықтың http://cz.astana.kz/category/upolnomochennye-po-jetike/ ресми сайтында қолжетімді. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ тұрғындарға ыңғайлы болу үшін call-орталық операторларының санын көбейтті. Онлайн кеңестер де қолжетімді:
• Дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (стационарлық телефондар жұмыс күндері ғана жұмыс істейді).
• Сенбі күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (тек ұялы телефондар жұмыс істейді).
• Жексенбі – демалыс күні.
Қоғамдық жұмыстар – қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын еңбек қыз­метінің түрлері. Ұзақтығы – 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Еңбекақысы 73100 теңгені құрайды. Жұмысқа орналасу үшін 57-89-35, 8-775-654-07-90 телефон нөмірлеріне, nazym_13.06.92@mail.ru электронды поштасына хабарласу қажет.
Жастар практикасы ТжКБ және жоғары оқу орындары түлектерінің мамандық бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуына арналған. Жұмыс іздеушінің жасы 29-дан аспауы тиіс. Практика ұзақтығы 6 айдан аспайды. Еңбекақысы 73484 теңгені құрайды. Жұмысқа орналасу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: ­72-93-56, 8-775-654-07-90; электронды пошта: proftest.cz@mail.ru.
Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен шарттық негізде жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, жұмысқа орналастыру үшін құратын жұмыс орны. Жұмыс ұзақтығы – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Жалақыны жұмыс беруші белгілейді. Жұмысқа орналасу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 72-93-56, 8-775-654-07-90; электронды пошта: proftest.cz@mail.ru. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тікелей байланысты болдырмау мақсатында елорданың жұмыспен қамту орталығының барлық қызметтері eGov порталы, call-орталық, электронды пошта және байланыс құрылғылары арқылы онлайн режимде көрсетіледі. Карантин кезеңінде азаматтарға онлайн кеңес беру үшін call-орталық операторларының саны артты. Нөмірлер www.cz.astana.kz ресми сайтының «онлайн кеңес беру» бөлімінде қолжетімді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 15 =