Бос жатқан жер гүлзарға айналады

0 49

Нұр-Сұлтанның барлық аудандарында аулалар мен аулаішілік аумақтарда абаттандыру жүріп жатыр. Апаттық жағдайдағы күрелген үйдің 10 жыл бойы бос жатқан орнына жаңа гүлзар салынып, аула алаңы абаттандырылуда.Апаттық жағдайдағы үйдің орнында (Есенберлин көшесі, 36 үй) қазір жақын маңайдағы үйлердің тұрғындарына арнап жаңа аула салынуда. Алаң бірнеше аймаққа бөлінген: балаларға арналған ойын алаңы, мини-футбол пен баскетбол үшін спорт алаңы, жаттығу құралдары бар спорт алаңы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін және серуендейтін жер. Бұған қоса жобада көлік тұрағы да ескерілген.
Сондай-ақ бұған дейін Жеңіс даңғылының тұрғындары (Жангелдин көшесінің қиылысы) балалар алаңы жоғын айтып, аумақты абаттандыру туралы мәселе көтерген болатын, қазір онда аула мен көлік тұрағы салынуда. 10 жылдан бері бос жатқан жерде (Сарыарқа даңғылы, 23) жуырда жаңа гүлзар пайда болады. «Аулаішілік аумақтар, балалар алаңы мен гүлзарларды біз осы ауданда тұратын тұрғындар үшін, үлкендердің демалатын, ал балалардың ойнайтын жері болуы үшін жасап жатырмыз. Аулаларды халықтың пікірін ескере отырып абаттандыру керек. Ол үшін биыл қаланың барлық ауданында «Бюджетке қатысу» бағдарламасы іске қосылды. Тұрғындар қай ауланы абаттандырып, балалар алаңына не орнату керек екенін өздері шешеді. Алайда тұрғындар өз аулаларын күтіп ұстау қажетін түсінуі тиіс. Көгалдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлеміз» деді елорда әкімі ­Алтай Көлгінов.
Айта кетейік, биыл 30 мың ағаш отырғызылып, 150-ге жуық аула мен 50 шақты сая­бақ пен гүлзар абаттандырылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 3 =