Борышкерлер жәрмеңкесі

0 71

2021 жылдың 25 қараша күні сағат 11:00-де алимент төлемдері бойынша жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

88eb246da2092082f4394e3ed61da2c7

Аталған іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының бос жұмыс орындары бар ұйымдарының өкілдері, яғни жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға ниет білдірген азаматтармен тікелей сұхбат жүргізеді. Арнайы бос орындар жәрмеңкесін Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы және Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы ұйымдастырып отыр. Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы инс­титутын қолдау орталығы» КММ. Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 14. Байланыс тел.: 87711115582, 32-17-87

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =