«Болмайтын» сұрақ болмайды!

0 113

Астаналық кей шенеуніктерге таң қаламын. Департамент, басқарма, тіпті бөлім бастық­та­рына дейін телефон арқылы сұрақ қойсаң, ші­кірейіп қалады. Халық білгісі келетін, ойда жүр­ген сауалдарға жауап беруге қиналып «Уа­қытым жоқ. Кейін хабарлас. Ресми хат жаз. Бас­тықтан рұқсат сұра» деп пәлсінеді.

Газетіміздің «Жеделсөз» де­ген айдары бар. Аты айтып тұр­ған­дай, ағымдағы оқиғаға байланысты басшылардан нөмір сайын жедел сұхбат аламыз. Бар болғаны үш сұрақ. Осыны азсынып, «бол­майтын сұрақ» деп менсінбейтін басшыларды қатты аяй­мын. Олар үшін көпіріп көп сөйлеген, мәнсіз, мағынасыз әң­гімелері мен беттің жартысына далитып фотоларын берсең бол­ғаны.

Жа­қында кезекті «Жедел­сөз» алу үшін білдей бір депар­та­мент бас­тығына хабарластым. Келіскен болатын. Алайда, дайын болған сұхбаттың көлеміне қарап, «Мынаны менің атымнан бермей-ақ қой» демесі бар ма?

«Сіздің берген жауабыңыз нақты, оқырманға керегі де осы» дей­мін көндіруге тырысып. «Мұндай болмайтын сұхбатқа ке­лісімімді және атымды бере алмаймын. Ұят болады…» деп қыр­сықты да қалды.

Ай­тайын дегенім, басшылар үшін «болатын» сұрақ – көпірген әң­гіме ме?!

Сұрақ демекші, Астана қалалық әкімдігіне қарасты басқар­ма­лар­­дың барлық сайттарын сүзіп шықтым. Тоқсан пайызының «Сұ­рақ-жауап» айдары бос тұр. Халық сұрақ қоймайды екен. Әй, қайдам! Егер сол басшылар өз саласына қатысты тұр­ғын­дар­дың са­уал­дарына бір сәт құлақ түр­се, халықтың бәрі әкім сай­тына жү­гінбес еді ғой. Тұр­ғындар басқарма басшыларынан мардымды жа­уап ала алмаған соң, амалсыздан қала басшысына шағынады. Өйткені, сұрақ барысында өздері де атап өтеді. Халықтан келген­ са­­уал­дар легінің көбі мынадай: «Жолымыз қашан бітеді?», «Же­делсаты қашан жөнделеді?», «Жылу беріле ме?», «Аулалар абаттандырыла ма?», «Кондуктор неге айқайлайды?», «Автобус неге кешікті?», «Үйдің кезегі қашан келеді?», «Мемлекеттік бағдарламадан өттім бе?», «Маған жұмыс табыла ма?»… осы сия­қ­ты күнделікті тұрмыстық сұрақтардан көз ашылмайды. Бі­рақ­, бәріне жауап беріліп жатыр. Әкім басқарма басшыларының мін­детін атқарып отырған сыңайлы. Қаланың қат-қабат шаруасы­нан бөлек, осындай сауалдар күн өткен сайын кө­беймесе толастар емес.

Ал, бас-басына ашып алған мекеме сайттары уақытында жа­ңар­­­­тылмайтыны былай тұрсын, 2011 жылғы жаңалықтардан көз­­ аш­­пай­тыны бұған дейін де айтылған. (Сақау сайттар сын кө­термейді. «Астана ақшамы» 8 қыркүйек, 2012). Баяғы жар­тас, сол жартас. Тіпті, баяғыда басқа қызметке ауысқан экс-­басшылардың, қызметкерлердің аты-жөндері, өмірбаяны көр­сетілген күйде қалып қойған. Өзгерту ешкімнің ойына кіріп-шық­пайды. Бұдан кейін басқараманың электронды сайттарына кім­ сенсін? Көпшілігі мемлекеттік тендер туралы хабарландыру ға­на орналастыратын орын ретінде пайдаланудан әрі аса алмайды. Талдау-сараптау материалдарын жариялау былай тұрсын, ха­лық­қа қажет ақпараттық қызмет көрсетеді деп айтудың өзі қиын.

Егер, басшылардың бәрі өздеріне қойылған сауал­дар­­дың кө­леміне емес, маңызына қарай бағалап, әр­­қайсысын «бо­ла­тын» сұрақ деп қабылдап, оған ыж­да­һатты жауап берсе мұн­дай мәселе туындамас еді.

Гүлмира ШАРХАН,
gulmir-astana@mail.ru

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + 5 =