«БОЛАШАҚТЫҚТАР» – СПОРТТА ДА БӘСЕКЕЛЕС

0 130

777

Өткен сенбі күні «Арай» астаналық саябағында спортқа үйір отбасылар конкурсы өтті. Отбасы күніне орай қолға алынған шараны Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Болашақ» қауым­дастығы ұйымдастырды.

Жарысқа жас отбасылар, танымал қазақстандық спортшылар, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мен түлектері және басқалар атсалысты. Басқосудың ашылу салтанатында қауымдастық мүшесі, спорт шебері Айдар Махметов сөз сөйледі. «Спортпен шұғылданып өскен ұрпақ пен ұл-қыздарын спортқа баулыған отбасы ғана мемлекеттің мықты тірегі бола алады. Біз салауатты өмір салтын ұстанып қана Мәңгілік ел болуға, биіктерге ұмтыла аламыз. Сондықтан осындай отбасылық, спорттық шаралардың маңызы зор» деді ол.

Шара барысында, әсіресе, квест ойыны қатысушыларды қатты қызықтырды. Жаңа креативті ойын ой еңбегімен қатар дене шынықтыру қимылдарын қамтиды екен. Ойын шарты бойынша конкурс қатысушылары командаларға бөлініп, әртүрлі интерактивті тапсырмаларды орындап шығады. «Болашақ» бағдарламасының түлегі Рус­там Тоқмағамбетов «Маған бұл ойын өте ұнады. Өзім үнемі спортпен айналысуға, әріптестеріммен футбол, волейбол ойнауға тырысамын» дейді. Басқа да қатысушылар осындай іс-шараларды жиі өткізу қажеттігін атап өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 3 =