Болашақтың бағдары

0 91

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында  «Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы» деп айтқан сөздерін осы маңызды құжаттың   басты тақырыбы деп атауға болады.  

Ұлт көшбасшының «Қазақстан – 2050» стратегиясы еліміздің жаңа даму кезеңіне – егемен және тәуелсіз мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жаңғырту кезеңіне қадам басқанын білдіреді. Сонымен қатар, оның тарихи ма­ңыз­ы да бар, өйткені, онда Президент «Қазақстан – 2030» стра­тегиясының орындалуы бойынша негiзгi қорытындыларын келтірді және мемлекет пен қоғамның 2050 жылға дейінгі даму келешегін белгілеп берді.

Осы мақсатта Астана қаласы Әдiлет де­пар­таментінің және оның үш аудандық басқармаларының қызметкерлері Жолдауды ұжыммен зерделеп және талқылап, Президент Н.Назарбаевтың әділет және басқа да мемлекеттік органдарының алдына қойылған міндеттерді қала тұрғындарына түсіндіруге көшті. Осындай түсіндіру жұмысы, ең алдымен жоғары оқу орындарының, колледж студенттері және мектеп оқушылары арасында өтті.

Бүгінде Әділет департаменті қыз­мет­кер­лері «Электронды үкімет» порталы арқылы ат­қарылатын мемлекеттік қызмет артықшылықтарын БАҚ арқылы және халықпен кездесулерде белсенді түрде насихаттап, оған қоса, жұмысқа енгізіліп жатқан жаңалықтарға қатысты Әділет органынан барлық қызмет түрлерін алу тәртібін халыққа түсіндіруде.

Сондай-ақ, ҚР «Жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы» заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу қызметі енгізілген, ол нотариалды куәландырылғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқықты белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркеу. Бүгінде осы жоба нәтижелі іске асырылып жатыр.

Тәжірибе жүзінде нотариус сатып алу келісімін рәсімдеген соң, сатып алушының жазбаша келісімімен «Е-нотариат» арқылы (біртұтас нотариаттық ақпараттық жүйе) нотариустың цифрлық қолтаңбасымен расталған құқық орнату құжатын электронды түрде қалалық Әділет департаментіне жібереді.

Жылжымайтын мүлікті сатып алушы келі­сімге қол қойғаннан кейін, банк төлеу карточкасымен Қазақстан Республикасының Электронды үкіметінің төлеу шлюзі арқылы мемлекеттік баж сомасын төлейді. Сайып келгенде, жылжымайтын мүлік құқығын электронды тіркеу небәрі бір күн ішінде жүзеге асырылады.

Қорытындылай келгенде, нотариуста ке­лісім-шарт жасағаннан кейін, азаматтарға ХҚКО-ға мін­детті түрде құжаттарды тапсыру және Әділет органының шешімін күту қажет емес. Барлық қажетті ақпаратты автоматты түрде нотариустан тіркеуші органға, дәлірек айтқанда, Әділет департаментіне түседі. Құқықиеленушіге немесе оның уәкілдік берілген тұлғасына тек Қазақстан Республикасының Электронды үкіметінің төлеу шлюзі арқылы мемлекеттік баж сомасын төлесе болғаны.

Электронды чек және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне келіп түскен құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі болған жағдайда тіркеуші орган тіркеу жүргізілгені туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге жібереді. Атап айтқанда, электронды тіркеуді өткізу үшін азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы қажет емес, тіркеу өткізу үшін ең басты шарт азаматтың ЖИК-ның болуы, интернетке кіру мүмкіндігі және банктің төлем картасы болуы қажет.

Заңды және жеке тұлғалар үшін осындай рәсімнің артық­шылығы – уақыт және мате­риалдық шы­ғын­ның қысқаруы. Бұл Әді­лет органдарында Елба­­сы Н.Назарбаевтың тапсыр­малары іске асырылып жатқанын дәлелдейді.

Бұдан басқа, Елбасы тапсырмасын орын­дау мақсатында Әділет департаменті түп­кілікті негізде әкімшілік кедергілерді шешу, тіркеу рәсімін барынша жеңілдетуде.
Аталған өзгерістер департамент қызметкер­лерінің мағлұматына қабылданып, олар кәсіби заңгерлер бола отырып, осы өзгерістер ҚР Заңнамасына әсерін тигізетіндігін және мемлекеттік қызметшілерге деген талаптар күшейетіндігін түсінеді. Осыған орай, департаментте кадрларды таңдау және тағайындау, қызметкер біліктілігін жоғарылату, сапалы резерв қалыптастыру, басқарушылар жауапкершілігін күшейту көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі, олардың іскерлік және моральдік сапасы, кадр жұмысын ұйым­дастыру сапасы, қорыта келгенде, әрбір мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін айқындайды.

Президент Нұрсұлтан Назар­баев өз Жолдауында елдің әр­бір тұрғынына ел дамуының болашағы мен мақсаттары жайлы айтып берді. Және біз, барлық қазақстандықтар Елбасы қойған мақсаттарға жету үшін «Қазақстан 2050 жылы әлемнiң ең дамыған мемлекеттерiнiң отыздығына кіру» үшін бірлесіп, осы бағдарламалық құжатта белгіленген міндеттерді орындау мақсатында барынша жұмылып жұмыс жүр­гізуіміз керек.

Қанат МУСИН,
Астана қаласы
Әділет департаментінің
бастығы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + seven =