Болашаққа деген сенімді нығайтады

Хикмет ЭРЕН, Еуразиялық экономикалық қатынастар қауымдастығының (EkoAvrasya) төрағасы

0 56

Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті аясында бас қосуының тарихи маңызы зор.
Түркі әлеміндегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси қатынастардың күн сайын нығайып келе жатқандығы біздің болашаққа деген үміт-сенімімізді күшейтеді. Сонымен қатар, бұл жолғы саммитте болашаққа бағытталған келелі келіссөздердің болғаны айрықша маңыз алады. Төрткүл дүниені әлекке салған коронавирус індетінің алдын алу жөнінде бірлескен стратегиялық жоспар жасауға баса назар аударып отырғаны осы кезекті саммиттің басты ерекшелігі деп білемін.
Саммитте Түркі кеңесі тарапынан дайындалған 2020-2025 жылдардағы түркі әлемі стратегиясы және түркі әлемінің 2040 жылға болашақ жоспары қаралмақ. Бұл алдағы уақытта түркі кеңесінің маңыздылығын одан әрі арттырады және кеңеске жаңа мүшелер мен бақылаушы елдерді қосуға тың серпін береді.
Саммиттің әу баста Қазақ хандығының астанасы болған Түркістанда өткізілмек болғандығының өзі түркі тілдес мемлекеттер арасында рухани тұрғыдан үлкен қызығушылық тудырғаны да рас. Себебі түркі әлеміне ортақ тұлға – Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген Түркістан өңірі түркі әлемінің рухани астанасы саналады. Алайда пандемия жағдайына байланысты саммит онлайн форматта өтті. Осы орайда қасиетті Түркістанды дамытуға елеулі еңбек сіңірген Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа
айтар алғысымыз айрықша.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − seven =