Болашаққа бастар бағдарлама

0 60

Өткен кезең әлем халқы үшін жеңіл сынақ болмады. Соған қарамастан, қазақстандықтар жаhандық экономикалық дағдарыстардың ауыр зардаптарына душар бола қойған жоқ. Себебі Мемлекет басшысы халыққа арнаған өзінің Жолдауында батыл да табанды стратегиялық міндеттерді қоя отырып, еліміздің дамуы мен ­Қазақстан халқының игілігіне қызмет етіп келеді. Сондықтан әр тарихи құжатты халықтық тұғырнама ретінде қабылдап, жыл жаңарғандай жаңалық деп сезінеміз.
Президенттің бұл жолғы Жолдауын «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ ұжымы мұ­қият тыңдап, талдау жасай отырып, болашағымыздың жақсаратынына сенім ұялауда. Жан-жағымыздағы қауіп-қатерлер қаумалап тұрған сәтте тығырықтан шығудың стратегиялық даму қарқынымызды айқындап беруі нақты мақсат-мүддені көздейтіні анық. Оған қазақстандықтарды әрдайым бірлікке, ынтымаққа, пайдалы еңбекке жетелеп келе жатқан Президентіміздің қабілеті әбден жетеді.
Мемлекет басшысы табысты болашақтың негізі білім мен ғылымда жатқанын, оқу бағдарламаларын заманауи жағдайға бейімдеу, қашықтан оқыту нәтижесін ұлттық телекоммуникация желілері арқылы арттыру, білім беру жүйесіне білікті мамандардың қажеттігін, ғылымды дамыту, жетекші ғалымдарды және ұстаздарды қолдау мақсатында қолжетімді еңбек, лайықты жалақы, қолайлы инвестициялық ахуал құру секілді тетіктер экономикалық өсуге ықпал ететінін нық басып айтты.
Осы Жолдауда айтылған білім мен ғылымды қолдау дегені бұл салада жүрген ғалымдар мен ұстаздарды жігерлендіреді және жауапкершілікпен жұмыс істеуге жетелейді. Ол үшін білім мен ғылым саласында бәсекелес­тік ортаны қалыптастырып, белгілі бір нәтижеге жетуге тырысуымыз қажет. Жаңа стратегия бақытты болашаққа бастар бағдарлама болады.

Бақыт ­ НАСЫРХАНОВА,
«Ұлттық ­аграрлық ­ғылыми-білім беру ­орталығы»
КеАҚ білім секторының бас ­менеджері, профессор

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 + 4 =