Болашақ үшін естелік

0 54

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Болашақ үшін естелік» атты виртуалды бейнекөрме ұсынады.Елбасы кітапханасының музей жинағынан алынған жәдігерлер көрмесі алғаш рет бейнематериал үлгісінде дайындалған. Бұл көрмеде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке архивінен алынған мұрағаттық құжаттар, фото-бейне хроникалар, сондай-ақ кеңестік тоталитарлық жүйе құрбандары туралы шынайы деректерді қалпына келтіруге және тарихи естеліктерді сақтауға бағытталған кітаптардың тақырыптық жинағы топтас­тырылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =