«Болашақ» өнерлі өрендерге қолдау білдірді

0 86

Назарбаев орталығында «Болашақ» қоры «Менің айна­ламдағы әлемім – менің шығармашылық өмірім» атты II рес­публикалық көркемөнер туындыларының байқау қорытындысын шығарды. 

Қор 2010 жылдан бастап «Құ­ланшы» қазіргі заманғы Өнер орталығы және «ЮНЕСКО» балалар көркемсурет мектебінің қолдауымен балалар үйлері тәр­биеленушілерінің арасынан таланттарды тауып, олардың шы­ғармашылығын шыңдауға көмек көрсетіп келеді.

Мәселен, былтырғы байқаудың үш жеңімпазы Қазақ ұлттық өнер университетіне оқуға шақырылды. Ал биылғы байқауға 200 үміткер қатысты. Олар жиналған жұртқа матадан, ағаштан, металдан жа­салған бұйымдарын ұсынды.

11-13 жас аралығында бірінші орынды Павлодар қаласын­дағы мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеу орталығының тәрбие­ле­нушісі Анель Төлепова мен Ақмола облысы Урюпинка ауылындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі Кирилл Моисеев жеңіп алды. 14-16 жас аралығында Астанадағы балалар үйінің бойжеткені Земфира Млюкова мен Ақтөбе облысы Тамды мектеп-интернатының оқушысы Тимур Молдағалиев үздік деп танылды. 7-11 маусымда Назарбаев ор­талығында өнерлі өрендер туын­дыларының қайырымдылық көрмесі болады. Түскен табыс балалардың өздеріне беріледі.

Ырысты ЖАЛҒАСБАЙ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − sixteen =