Болашақ – баламалы энергияда

0 140

коллектор

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында қоршаған ортаға залалын тигізетін құрылымдарды біртіндеп жойып, есесіне баламалы қуат көздерінің тиімділігін арттыруды тапсырды. Мәселен, Президент 2020 жылға дейін қуат тұтынуды жыл сайын төмендету 2,5 пайыздан, 2020 жылдан кейін 3,5 пайыздан кем болмауы тиіс екенін ескертті. Өйткені, көптеген зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, органикалық отындар 2020 жылға қарай әлемдік энергетика сұраныстарының тек ішінара ғана бөлігін қанағаттандыра алатындығы айқындалып отыр.

 

Қазақстанда қайта жаңғыр­ты­латын энергия көздерінің, соның ішінде су, жел және күн энер­гия­ларының әлеуеті едәуір жоғары.
Күннің жерге беретін энергиясы тәулік бойы әлемнің барлық электр стансалары өндіретін энергиядан мыңдаған есе көп. Жердің бетіне түсетін күн энергиясының 15 пайызы адамдардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге жеткілікті деп саналады. Бұл үлес 63000 млрд мВт/сағ немесе шартты отынның 7700 млрд тоннасына тең. Оның жылдық энергетикалық қуаты жер қойнауында жатқан отыннан алынатын энергияның барлығынан бірнеше есе көп. Қазақстанның географиялық орналасуы және климаттық жағдайы қоңыр салқын. Бұл аймақ жер белдеуінің орталық және оңтүстік ендіктерінде және субтропикке ауысу жолағында ор­наласқан. Сондықтан, күн энергия­сын пайдалануға үлкен мүмкіндік бар. Мәселен, Қазақстан территориясында күннің сәулелену ұзақтығы өте жоғары (3100 сағатқа дейін), жалпы сәулеленудің бақыланатын аймағы 1900,5 мың шақырымды құрайды.

Аз-кем анықтама

Қазақстан 42-55 градус аралығында солтүстік ендікте орналасқанына қа­рамастан, респуб­лика территориясына келіп түсетін күн радиациясының потенциалы едәуір үлкен және жылына 1300 – 1800 кВт сағ/м2 құрайды.

Күн қазандықтарының артық­шы­лығы–оның жеңіл жасалуы мен жабдықтарының арзан болуы. Күн сәулесінің қабылдағыштары кәдімгі шынымен (әйнекпен) жабылған панельдерден тұрады. Бұл қарапайым элемент күн энергиясының жартысын судың жылу энергиясына айналдырады. Егер жер бетінің әр шаршы метріне 300 Вт жуық күн сәулесінің жылуы келетінін ескерсек, онда күн қазандықтарының қаншалықты құндылығын жеңіл бағалауға болады.
Қазақстан 42-55 градус аралы­ғында солтүстік ендікте орна­лас­қанына қарамастан, республика территориясына келіп түсетін күн радиациясының потенциалы едәуір үлкен және де жылына 1300 – 1800 кВт сағ/м2 құрайды.
Пайдаланудың негізгі бағыты бойынша күн коллекторларының көмегімен ыстық су алуға болады. Жергілікті мамандардың бағамдауы бойынша, ыстық сумен жабдықтау мұқтаждығына суды жылыту үшін күн энергиясын пайдалана отырып, 13 млн Гкал жылуды алуға бола­ды,
бұл 1 млн тонна отынды мұнай эк­ви­­валентінде үнемдеуге мүм­кін­дік береді. Суды жылыту үшін күн коллекторларын пайдалану жеке ғимараттарды ыстық сумен жаб­дықтау үшін де, сондай-ақ ор­талық­тандырылған жылумен жаб­дықтау жүйелеріндегі қазан­дықтарда жүзеге асыруға болады.
Еліміз үшін көп жылдар бойы энер­гияның альтернативті көзде­рін дамыту мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппаған күрделі мәсе­лелердің бірі. Қазақстанда күннен және желден алынатын энергияның баламалы көздері ретінде пайдала­нып жұмыс істейтін нақты кәсіп­орындарды ашу жөнінде түрлі пікір­лер мен қызығушылықтар бар.
Бүгінгі таңда Қазақстанның энер­­гетикалық секторының кәсіп­орындары атмосфераны ластау көздерінің ошағы болып саналады. Олар жыл сайын миллионнан астам зиянды қалдықтарды және 70 млн тоннаға жуық көмір қыш­­қылын атмосфераға таратады. Халық­ара­лық энергетика агент­тігінің мәлі­мет­теріне сүйенсек, Қазақстан әлем бойын­ша зиянды қалдықтарды және пар­никті газдарды атмосфераға тас­­таудан үшінші орынға ие. Қазақ­станда тек көмір энергетикасы бо­йынша қоршаған ортаны лас­тау­дан болатын экономикалық шығын жылына 3,4 млрд долларды құ­рай­-
ды екен. Міне, сондықтан да альтер­­нативті энергетиканы елемеу және энергиямен жабдықтауды орта­­лықтандырмау энергетикалық қор­ларды тиімді пайдаланбауға, үнем­діліктің төмендеуіне және энергия­мен жабдықтау сенімділігінің тө­мен­деуіне әкеліп соқтырады. Со­нымен қатар, экология мен адам ден­саулығына едәуір зиян келтіреді.
Қазіргі таңда жел энергиясын пайдалану үлкен жолға қойылып отыр. Оның көшбасшысы – АҚШ. Мұнда жел энергетикалық қондыр­ғыларының (ЖЭҚ) саны шамамен 18 мың, ал олардың қуаты 1500 МВт-ты құрайды. Мұндай жел электр стансалары Данияда, Ұлыбританияда, Канадада, Германияда, Швецияда, Нидерландыда, Францияда бар.
Осы салада, ғылыми-техникалық ізденіс жұмыстары кеңінен жүргі­зілетін болса, болашақта Қазақ­стан­ның энергетикалық тәуелділігін төмен­детуге және экологиялық мәселесін шешуге толық мүмкіндік бар деп ойлаймын.
Еуропаның жел стансалары жел­дің орташа жылдамдығы 4-5 м/с болғанда жұмыс істей бастайды, ал Қазақстанда орташа жел жыл­дам­дығы 8-10 м/с болатын 10 аймақ бар.
Еліміздің табиғи қуат көздерінің базасы нені көрсетеді? Сарапшылардың бағалауы бойынша, қазіргі уақытта экономикалық тұрғыдан қарағанда жел энергиясының потенциалын пайдалану жылына 3 млрд кВт/сағ құрайды. Кем дегенде, Қазақстан бойынша он бес перспективті алаңда жел электр станциясын салу таң­да­лып отыр. Осылайша, табиғи қуат көздерін пайдалану елдің бола­шағы үшін әлдеқайда тиімді болмақ.

Сұлтан Маманов,
энергетика саласының маманы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × five =