©2020 Астана Ақшамы
Болашақ бағдары
Елордамыздағы «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында бас қосқан партияның облыстық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары 2012 жылы атқарылған іс-шараларды қорытындылап, жақын арада басталуы тиіс жұмыстарды күн тәртібіне қойды.
Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттар сайланып, «Жас Отан» жастар қанатының ІІ Республикалық съезі өткізілгендігі – Нұротандықтардың өткен жылы атқарған жұмыстарының ішінде ең елеулілері. Сонымен қатар, Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын түсіндіру шараларын да қоса атасақ болады.
Ендігі кезекте, яғни, 2013 жылғы жұмыс жоспарының ең басына биылғы Президент Жолдауы – «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен партияның Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру қойылды. Кеңесте Партияның филиалдарына Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жөніндегі басым бағыттарды және индустриялық-инновациялық даму, жастар саясаты, шағын және орта кәсіпкерлікті, халықты еңбекпен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, сондай-ақ білім беру мен ғылымды дамыту секілді салаларды ширату жөнінде орташа және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын дайындау тапсырылды.
«Жас Отан» жастар қанаты 2013 жылды «Жастар қанатымен және ауыл жастарымен жұмыс жүргізу жылы» деп жариялады.
Ербол ЖАНАТ