БОЛАШАҒЫ ЗОР «БАЛАПАН»

0 113

Елбасы баса мән беріп келген мәселелердің бірі – балалардың мектепалды даярлығының тиісті дең­­гей­де жүргізілуі десек, артық айтқанымыз емес. Пре­зидент өз сөзінде: «Сіздер білесіздер, мен басты мін­детті балаларымыздың бастапқы мүмкіндіктерін те­ң­естіру болған «Балапан» бағдарламасы бастама­сын­ көтердім» деуі осыған дәлел. 

Расында, болашақ қамы үшін жүр­гі­зілуі тиіс осындай жұ­мыс­тар құнды әрі маңызды. Биылғы Жол­дауда да атал­мыш бағдарлама на­зар­дан тыс қал­мағандығы ұр­пақ­ тәрбиесінің мемлекеттік мін­дет­тер арасында­ ерек­ше орын ала­тын­ды­ғын­ көр­се­­тіп­­ отыр.­ Бұл сөзіміз де «Қа­за­қ­­с­тан­­ – 2050» стратегиясы: қа­­­л­ып­­­тас­­қан­­ мем­­­ле­кет­тің жаңа сая­­­­си­­­­ ба­ғыты» құжатындағы мына бір­­­ тар­мақ­­тар­­дан­­­ тамыр алады: «Туу­­­­ көр­­­сет­­­кі­­­ші­­нің­­ жо­ға­ры­лы­ғын,­­ жал­ға­сып­ жатқан де­мо­гра­фия­­лық­­ өс­ім­ді­ ескере келе, мен­ «Ба­ла­пан»­­ бағ­дар­ламасын 20­20­ жылға дей­ін­ ұз­ар­туға шешім қа­был­да­дым.­ Үкі­мет­­ пен әкімдердің ал­ды­на­ ба­ла­лар­ды­­­ мектепке дейінгі бі­лім­ беру және тәр­­би­е­мен­ 100 па­й­ыз­ қамтуға қол жет­­кі­зу міндетін қоя­мын».

«Балапан» бағдарламасы ая­сын­­да­­ елордамызда 2010-2011 жыл­да­ры­­ жә­не­ 2012 жылдың 1-жар­ты­сын­да­ 8 826 орындық 44 нысан іске қо­сы­­лып,­ 12 балабақша ғимараты ке­­рі­­ қайтарылыпты. Оған қоса, екі­ ба­ла­бақ­ша мекемесінің бітпей тұр­ған­ құрылысы аяқталып, 2 335 орын та­ғы­ қосылған.

Жүргізілген жұмыс нәтижесін қо­­ры­­тын­дыласақ, 2012 жылы ба­ла­­бақ­­шаға 28977 бала барған. Ал, 2012 жылдың аяғындағы мәлімет бой­ынша, 2-ден 6 жасқа дейінгі ба­­ла­­лар­­дың – 49,5 пайызы, 3-тен 6 жас­қа ­дейінгілердің 61,9 пайы­зы ба­ла­­бақ­­ша­мен қамтылған. Бұған қоса жаңа ашылған 20 шағын орталық мек­­теп­алды даярлықты қамтамасыз ету­ді 88,6 пайызға жеткізген.

Бүгінгі күні Астанамыздағы ба­ла­бақ­ша­лардың саны – 125. Ол­ар­­дың­­ 72-сі мемлекеттік болып та­бы­ла­ды. Сонда да балабақша жетіспеушілігі 34500 орынды құрайды. Ал, кезекте­ 68699 бала тұрғанын ескерсек, халық сұранысын қанағаттандыра ал­дық дей алмаймыз. Осы себепті ба­ла­ кезегін жылдар бойы сарыла кү­­тіп­­ жүргендердің саны өспесе, ке­мі­­ген­­ жоқ. 2020 жылға дейін жал­ға­сатын­ бағдарламаның алдағы уа­қыт­та шешуі тиіс мәселелерінің бі­рі­ осы.

Атқарылып жатқан жұмыстың та­­ғы­­ бір қырын аша келе, Бі­лім­­ бас­­­қар­­­ма­­сы­­ның­­ бөлім бас­ты­ғы­ Ками­ла­ Байысқақова: «Қор­да­лан­­ған­ түй­ін­дер­дің шешімін табу мақ­са­тын­да­ 2013 жылдан бастап Астанада «Ба­ла­пан» бағдарламасы бойынша 2 640 орындық он бір балабақша ғи­мараты мен 160 орындық екі қо­сым­­ша құрылыс салынуы жоспарла­ну­­да.­­ Аталмыш бағдарламаның не­­гіз­­гі­ міндеттерінің бірі мектепке дей­ін­гі­ тәрбие беру мекемелерін бі­­л­ік­ті­ кад­р­лар­мен­ қам­та­ма­сыз­ етіп, ол­­ар­­дың біліктіліктерін арттыру еке­­нін білесіздер. Қазіргі кезде осы­ бағыт бойынша балабақша пе­да­гог­та­ры­ның­ 85 пайызы 280 сағаттық ар­наулы курстарды тәмәмдады жә­не­ тәрбиешілер біліктіліктерін тегін арттырып жатыр» деген болатын. Мұндай жұмыстар мектепке дейінгі білім беру жұмыстарының сапасын арттыра түсері сөзсіз.

Жалпы, «Балапан» бағдарламасы жарық көрген күннен бастап рес­пуб­­ли­ка бойынша осы жоба не­гі­зін­де­ 3956 жаңа балабақша мен шағын ор­талықтар іске қосылған екен. Бұл – зор жетістік. Алдағы уақытта табысты бағдарлама халық сұранысын өтеп, балалардың игілігіне қызмет етпек.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + 20 =