БОКСШЫЛАРЫМЫЗ БАБЫНДА

0 159

KX9O36QowkY

Ресейдің Хабаровск қаласында Кеңес Одағының батыры Константин Коротков атындағы турнирден Қазақстан құрамасы екі алтын, төрт күміс, үш қола алды.

75 келідегі әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы финалда ирандық Арагидалги Яхангираны ұтса, 91-ден жоғары салмақта Нұрдан Бекзатов финалда венгр Иштван Бернатты жеңді. Ал 49 келілік Жомарт Ержан финалда ресейлік Василий Егоровқа, Әділет Құрметов (52 кг) Ли Чунг Лиге (КХДР), Айдар Әмірзақов (64 кг) Виктор Миргородқа (Ресей) және Даурен Елеусінов (81 кг) Никита Ивановқа (Ресей) есе жіберді. Ержан Ордабаев (56 кг), Сағадат Рахманқұлов (69 кг), Антон Пинчук (91 кг) сынды боксшылар қола жүлде алды. Командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға табан тіреді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =