БӨБЕКТЕР БИЛІК АЙТТЫ, ӘДІЛ СӨЙЛЕП…

0 125

Жуырда №55 «Қарақат» балабақшасында қалалық деңгейде «Ата заңым – ал­тын қазынам» атты ашық сабақ өтті. Оны «Балбөбек» тобының тәрбиешісі Әсия Байтенова өткізді.

Білім күні қарсаңында Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты «Нұр Отан» ХДП Сарыарқа аудандық филиалымен бірлесіп, «Арсенал» ойын-сауық орталығында «Балаларды мектепке жинай­мыз» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Кеште аудан әкімі Ермек Оспа­нов, қалалық мәслихаттың депу­таты Бәшір Солсанов сөйлеп, жеткіншектерге игі тілектерін жеткізді.

Елбасының аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларын мек­тепке дайындау төңірегіндегі тап­сырмасын орындау мақсатындағы шара барысында 100 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйлыққа берілді. Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға шын мәнінде қуаныш сыйлағандар қатарында «Аста­наводсервис», «Дом здоровья», «Стройкласс», «Агроцентр», «Қазпошта», «Цесна» және басқа да мекемелердің бастауыш партия ұйымдары өкілдері де болды.

Конституция күніне орай Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халықтары Ассамблеясының ұйымдастыруымен ғылыми-тәжірибелік конфе­ренция өтті.

Оған балабақшаның барлық тәрбиешілері жұмылдырылып, тыңғылықты жұмыс жүргізілді. Бүлдіршіндерді баурап аларлықтай сахналық көріністер қойылды. Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би бейнелерін сомдаған Сауле Набиоллина, Ақерке Күмісбаева, Жаңагүл Сұлтанбекова, сол сияқты заң баптары рөлінде ойнаған Жанна Бекмұрзаева, Жұлдызай Нұрпейісова, Әйгерім Қыстаубаева сабақтың мазмұнын байытып, тартымдылығын арттыра білді.

Сабақ барысында бүлдіршіндердің өзін-өзі ұстауы, ән-тақпақтар ай­туы көз қуантып, көңіл сүйсінтті. Әсіресе, билердің төрелік айтып, әділ шешім шығаруын бейнелеген үш баланың – Елемес Абылайдың, Амангелді Мақсаттың, Исмағұлов Нұрбақтың қойылымдық көріністері әсерлі шықты.

Алтын ИСМАҒҰЛОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 11 =