©2020 Астана Ақшамы
«Бөбек» деп өбектеп…
«Тұнжыр» – хикаяттың тақырыбы. Рауан тағдырлы тірі жетімек. Ол неге кезбе, қаңғыбасқа айналды? Өгей шеше неге өзектен тепті?.. «Ей, Ай! Естимісің мені? Сен жердегі тіршілік иелеріне сонау көктен, дәл төбеден қарап тұрсың ғой. Айтшы, білсең? Тәтем неге жек көреді? Бар жазығым одан тумағандығым ба? Әлім келгенше айтқанын істеп жүрмін ғой… Өмір неге күрделі? Өмір неге көңілсіз? Ата, әже, сағындым ғой сендерді!» Көктегі Айға мұң шаққан Рауанның балалық шағының бақытсыз болуына, ерте есеюіне не түрткі болды?
Толымбек Әбдірайымның соңғы туындысының ең қызығы сол, оқиға өмірде болған, ең бастысы, Астанада өрбіген. Ауылдағы ата-әжесінің еркесі болып өскен бала тағдыр жазуымен Астанадағы әкесі мен өгей шешенің қолына келеді. Тасбауыр туған анасы өзгенің етегінен ұстап кеткен. Өгей шеше өгейлігін танытты. Қорлыққа, шеттетуге шыдамаған Рауан үйінен безіп, вокзал маңын, «Шанхай» базарын, «Артем» сауда орталығының айналасын мекендеп, ішіп-жемін айырады. Көшеден тапқан, балалар үйінде тәрбиеленген ақыл-ды досы Ақалақтың мына сөздерінен бұдан кейінгі оқиға желісін аңғару қиын емес: «Рауан, көз салшы, айналаңа! Анау көк аспан, жарық күн, жайқалған тал-теректер, қала сыртына шықсаң, керіліп жатқан кең дала, маңғаз, сабырлы таулар мен қыраттар, бәрі-бәрі қаз-қалпында, өз орнында… Тұнжырап түңілетіндей, өмірден баз кешетіндей не болды саған?! Үйсіз-күйсіз екі-үш ай жүргенің үшін бе? Оның өзі хикмет, сыр!..
Әңгімеңе қарағанда, өгей шешең басынан сөз асырмайтын ашушаң, іші тар, тасбауыр адам сияқты. Ол кісі теріс қарады екен деп, кімге кінә тағасың? Әкең мен тәтеңе керек болмағаныңмен, туған еліңе керексің! Әне-е, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшің, бірге оқитын достарың іздеп жатыр. Адам баласы із-түзсіз жоғалатын ине емес. Әр адамның өз орны бар. Адам атаулы бір-бір тұлға. Жазылмаған кітап. Құдайға шүкір, сенің де, менің де туған Отанымыз бар. Ол тәуелсіз Қазақстан!..»
Қасіреттісі сол, туған әкесі Радолла «қарасұр келіншектің» ығынан шыға алмай, ұлы Рауаннан бас тартты. Радолланың ағасы Жақсыбай інісінің ісінен түңіліп, тірі жетімекті әке-шешесінің көзіндей көріп Алматыға, өз үйіне алып кетті…
«Ақ желкен» журналдарына жарияланған әңгімелері, мысалдары, ертегілері бар. Әр туынды оқырманын имандылыққа, адамгершілікке, патриоттыққа, өнегеліліке тәрбиелейді, қызықты, тартымды, тағылымы мол.
«…Толымбек, әсілі, аз жазса да саз жазады. Балаларға арналған әңгімелері оймақтай. Оюлы, сырлы, мағыналы һәм мазмұнды. Балалардың жанын керемет түсінеді. Кәдімгі Ыбырай Алтынсаринның алақандай әңгімелері бар ғой, сол сияқты. Ал, Алтынсаринның бір әңгімесі бір романның жүгін көтеріп тұрса, Толымбек те осы ұлы дәстүрді ары қарай жалғастырған» деп профессор Серік Негимов дәл бағасын берген балалар жазушысының кешеге дейін жеті прозалық жинағы таралып үлгерген. Оның бесеуі бүлдіршіндердің еншісіне тиеді. Толымбек жайында халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Жанат Елшібектің де айтқаны көңілдегіні тап басқандай: «…Оқиғаны шымыр әрі ширақ өрбітіп, бүлдіршіндер есінде ұзақ сақталатын шағын шығармалардың еңсесін көтеріп тұрған Толымбектің шырайлы да шұрайлы тілін де ерекше айтқан ләзім» дейді ол.
* * *
«Алабұға аулаған күн» кітабы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламасымен «Балалар әдебиеті» баспасынан жарық көрген. Сәкен Сейфуллин мұражайында өткен кітаптың таныстырылымына елордадағы зиялы қауым, кітапсүйер балалар қатысты.
Мұражай директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы сөз сөйлеп, жинақтың құндылығын әңгімеледі. «Бүгінде балалар тақырыбында жазу – қиынның қиыны. «Балдырған» журналында, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың басшылығы кезінде он жыл қызмет еткенім бар. Бүлдіршіндердің тілін тауып, әрқайсысының хатына мән бере жауап жазу үлкен жауапкершілікті қажет ететініне сонда көзім жеткен. Бұл тұрғыда Толымбек ағаларының ізін деңгейінде жалғап келе жатқан бірегей қаламгер» деді Несіпбек Айтұлы.
Осы басқосуды жүргізген жазушы Асқар Алтай «Әр заманның үні болады, тынысы, тіршілігі бөлек. Толымбектің бұл жинағына енген «Тұнжыр» хикаяты бүгінгінің болмысы, жаңалығы» деді. Асқар Алтай қаламгердің көркемдік әлемін, прозадағы орнын, ерекшелігін сөз етті. Шара барысында жаңа кітап жайында ғана емес, жалпы әдебиет туралы, кешеге дейінгі жетістіктер әңгіме болды. Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің сегізінші сынып оқушылары жазушының шығармаларынан көрініс қойды.
* * *
Балалардың тіліне жақын, жатық, түсінікті, оқуға жеңіл хикаят күні кеше кішкене оқырмандарына жол тартқан «Алабұға аулаған күн» кітабына енген. Жинақта Толымбек Әбдірайымның бұрын-соңды «Ұлан» газетіне, «Балдырған»,
Асхат РАЙҚҰЛ