Блокбекеттер ашылады

0 48

Қазақстандағы блокбекеттер 1 маусымнан бастап ашылады. Бұл туралы 29 мамырда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлім етті.«Ведомствоаралық комиссияның шешімімен аталған күннен бастап Қазақстан бойынша блокбекеттер ашылады. Ал 5 маусымнан әрі қарай Қазақстан ішіндегі тасымал қалпына келеді» деп хабарлады ол. Осылайша, Қазақстанда қалааралық 313 маршрут іске қосылады. Олар арқылы 88 тасымалдау­шы жұмыс істейді. Бірақ Тайжанов мәлім еткендей, автобустар мен пойыздарда және блокбекеттерде бұрынғыдай санитарлық талаптар сақталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 4 =