Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бизнестің жаңа белесі

0 191

Кеше елордада кәсіпкерлердің жыл сайынғы дәстүрлі конференциясы болып өтті. Осы форумда Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаевқа ұсыныспен шықты.

Ол жақында бизнеске берілген құрылыс сапасын бақылау, құрылыс қоқыстарын шығару, лифтілерге қызмет көрсету, тұрғын үйлердегі жеке хостелдер, көп қабатты үйлердегі ресторандар және өрт қауіпсіздігі секілді салаларды атап өтіп, олардың ендігі жердегі мәртебесі қалай болатынын білгісі келетінін жеткізді.
«Енді сізге ұсыныс, Тимур Асқарұлы. Бұл бағыттарда қанатқақты алты топ бар, біз соларды екі нұсқа бойынша қарастыруды ұсынамыз: олар не лицензияланатын мемлекеттік бақылауға енгізілуі керек, не өзін-өзі басқару тетігіне енуі керек» деді елорда басшысы.
Қала әкімі өзінің сөзінде бұл салалардың өзін-өзі басқару жүйесінде болғанын қолдайтынын айтты. Осыған орай, бұл салалардың стандарттарын бекітіп берумен айналысатын арнайы комиссия құруды ұсынды. Бұған ол Астанадағы хостелдер проблемасын мысал ретінде келтірді.
«Егер қазір бізге хостел ашу үшін ешқандай рұқсат керек етілмейтін болса, онда олардың ашылуға мүмкіндік алатын стандартын жасап алуымыз керек. Онда хостелдің тұрғындарға кедергі келтірмейтіндей жағдайда болуы және есігі басқа жақтан ашылуы талап етілуі тиіс» деп түсіндірді мұны әкім.
Тимур Құлыбаев өз кезегінде Астана қаласы әкімінің ұсынысын қолдайтынын жеткізді. «Онда бұл жұмысты елорда шеңберінде жасап көрейік. Осылайша, біз бұл салаларға мемлекеттік бақылау, лицензия, стандарт керек пе, жоқ па, білетін боламыз. Биылғы жылды осы мәселені белсене талдап көруге арнаймыз» деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы.
(Форум жұмысы туралы толығырақ газеттің келесі санында айтылады)

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды