Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бізге рухты патриот сарбаз керек

0 198

Біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырынан бастап ХV-ХVІ ғасырлардағы Ұлы географиялық жаңалықтарға дейін Еуразия көшпенділері, әскери қимыл-қозғалыстарда басымдық танытып, дүние жүзіне үстемдік етті, әлем­дік процестердің барысы мен бағытын анықтап отыр­ды. Еуразия далаларының, оның ішінде Қазақ­станның көшпенділері, есте жоқ ескі замандар мен орта ғасырларда Еуропа мен Азияның көптеген мем­лекеттерінің әскерлеріне күйрете соққы берді.

Әрбір қазақ жауынгері бетпе-бет өз қарсыласына әскери таным-білім және ерік-жігер тұрғысында ешқандай есесін жібермеді. Қазақ көшпенділеріне бірнеше ғасырлар бойы қолынан қаруы түспей, саны жөнінен өзінен бірнеше мәрте артық, қару-жарағы сайма-сай жауларымен халықтың бостандығы және елдің бейбіт тыныс-тіршілігі үшін тынымсыз соғыс жүргізулеріне тура келді. «Біз небір ауыр ұрыстарда да өзінің әскери ар-намысына кір келтірмеген халықпыз» деп атап көрсетті Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев.
1643 жылы Орбұлақ шайқасы кезінде 50 000 жоңғар жауынгері Қазақстан аумағына лап қойды. Шабуылдың өте тұтқиыл және шұғыл болғандығы соншалық, Жәңгір хан бар-жоғы 600 адамнан тұратын шағын жасақ жинап үлгерді. Соған қарамастан жеңіске жетті. Бұл ғажайып жеңіс жекелеген қазақ жауынгерлерінің жоғары әскери өнеріне куәлікке жүреді. Қазақ сахарасында өз дәуірінің қаһармандары, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қарасай батыр, Ағыбай батыр және т.б. даңқты батырлар болды. Көшпелі елдің әйелдері де ат үстінде жүрді. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Тұмар (Томирис) және Зарина ханшайымдарды, жоңғарларға қарсы соғысқан Гауһарды, ағасы Кенесары ханмен бірге майдандасқан Бопай ханымдарды атап өтуге болар. Өткен ғасырдан – қаһарман қазақ қыздары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова және т.б. ерлік істері – өскелең ұрпақ үшін өшпестей өнеге.
Біздің ұлттық батырымыз, аты аңызға айналған Бауыржан Мо­мышұлы Куба әскери құра­ма­ларының да құрметті тәлімгері болды. Куба әскерилері міндетті оқу бағдарламасына арнаулы пән ретінде Б.Момышұлының дәрістерін енгізген, аталған бағдарламаны Кубадан соң өз тілдеріне аударып, Израиль, Никарагуа, АҚШ білім жүйелеріне де қосты.
Таяу күндері Жеңіс күні келе жатыр. Адамзаттың қанша буыны ауысса да Ұлы Отан соғысының ауыр зардаптары, ащы сабақтары ел жадынан өшпеуге тиіс. Ер есімі ел есінде мәңгі сақталуы керек. Жеңісті алып келген Нүркен Әбдіров, Иван Панфилов, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Қасым Қайсенов, Леонид Беда т.б. ерлік істерін ұмытпау, дәріптеу – бейбіт күн үшін күрес деген сөз. Бір мысал, Ұлы Отан соғысына қатысқан 1 260 000 қазақстандықтың 700 000 майдан даласында қалды. 1, 2, 3 баласымен жесір қалған 400 000 әйел тылда жеңісті ерен еңбектерімен жақындата түсті. Бұл патриотизмнің, отансүйгіштіктің жарқын мысалы емес пе?
Мен соғысты ұмытпау керек деп білемін, ескілікті адамдар соғысты ұмытар болсақ, онда жаңасы басталады деген екен, өйткені зерде, жад – соғыстың қас жауы. Мынау алмағайып заманда жүрегі «Елім» деп соққан, «малым – жаным, жаным – арым садақасы» дейтін шынайы патриоттар ғана іргеміздің беріктігіне, еліміздің сенімділігіне дәнекер бола алады.
Шет елдерде жастардың пат­риоттық тәрбиесіне қашанда ерекше көңіл бөлініп келеді. Олардың патриоттық тәрбие жүйесін да­мытудың негізгі тенденциялары әскери қызметшілермен жүр­гізілетін тәрбие жұмыстарының әлеуметтік бағытын күшейту, армия қатарындағы қызметтің беделін көтеру және маңыздылығын арттыру, жас толқынның қоғамның әлеуметтік проблемаларына ден қойып, бойларында азаматтық жауапкершілік және патриотизм сезімдерін қалыптастыруға ықпал ететін бағдарламаларды дамыту, қарулы күштердің жеке құрамының моральдық-психологиялық жағ­дайын нығайту болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарға орай келесі ұсыныстарды қарастыруды сұраймын:
– Әскери оқу орындарында патриотизм сабағын енгізу мәселесін қарастыру, оның мақсаты – ұлттық мақтаныш сезімін күшейту, қазақ халқының салт-дәстүрлерін сыйлау мен құрметтеу;
– әскери-патриоттық бағыттағы жұмыстарды әскери қызметке, әсіресе, қазақстандық жастар арасында оның кәсіптік негіздеріне деген құрмет сезімін арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау;
– көрнекті әскери қолбасшы­лар­дың құрметіне, шынайы пат­риоттардың өмірі мен қызметі туралы білімдерін дәріптеу үшін, тек әскери емес, сондай-ақ, азаматтық мамандықтар бойынша, студенттер мен жас ғалымдарға атаулы стипендиялар тағайындау;
– Қазақстан Монета сарайынан мерекелік медальдар, төсбелгілер шығару және олармен белсенді азаматтық позициясы бар, жалпы патриоттық шараларға тұрақты қатысатын азаматтарды наградтау;
– оқу бағдарламалары және арнаулы курстар аясында, өскелең ұрпақтың оны жан-жақты түсінуі және оларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу үшін, Қазақ­станның әскери тарихын оқып, зерттеу;
– білім беру процесінің барлық кезеңдерінде, аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейде қаржыландыра отырып, әскери-спорттық ойындарды жүйелі түрде өткізу.

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды