БІЗДІҢ АУРУХАНА – ХИРУРГИЯЛЫҚ БЕЙІНДІ ЕМДЕУ МЕКЕМЕСІ

0 142

Қаршыға ҚҰЛМҰҚАНОВ, Астана қаласы №2 балалар ауруханасының бас дәрігері

– Сәлеметсіздер ме?! Қы­зым­ 15­-тен­ асты. Толық ме­ди­ци­налық тек­се­руден өт­­кі­­зей­ін деп едім. Сіз­дерге ба­рып­­ қаралуымызға бола­ ма?
– Біздің аурухананың емханасын­да­ 15 жасқа дейінгі балалар ем­де­­ле­­ді.­ 15-жастан асқан балалар тұр­­ғы­­лық­­ты­­ мекенжайы бойынша өз­­де­рі тіркелген емхананың балалар бө­лім­ше­сінде толық тексерістен өте­ді.­ Олардың ауруын сол жерде ан­ық­тау­ға болады.

– Ауруханаларыңыз алыс­та­ ­ор­­на­­лас­қан­дық­тан,­ кей­­де­­ қа­ты­нау да қиын. Ба­ла­­­л­ар­­­ ау­ру­ха­насын қаланың сыр­­­ты­­­на­­­ шы­ғарудың себебін не­­мен­ түсіндіресіз?
– Аурухана алыс немесе жақын деген сөз меніңше, уақытша ұғым деп ойлаймын. Өйткені, қаланың бас жоспарына сәйкес және «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша алдағы уақытта Астанада әлі де біраз емдеу мекемелері са­­лы­­на­ды. Олар қаланың жан-жа­ғын­да­ болады. Сол кезде қазіргі біз­ орналасқан жер қаланың орта­сы­ болып қалады.

Бүгінгі күнде Көк­тал­да, сол жағалауда да заман та­ла­бы­на сай жаңа ауруханалар са­лы­нып­ жатыр.

Біздің ауруханаға қатынау мә­се­ле­сі туралы айтар болсақ, қазіргі кезде қаламызда көлік қатынасы жақсы жолға қойылған. Ауруха­на­ маңынан автобустар жиі қа­ты­най­­ды.­ Сондықтан, алаңдауға еш не­гіз жоқ.

– Қаршыға Кәкешұлы, сіздің ауруханада жатқан балалар неше мезгіл та­мақ­­тан­­дырылады?
– Жалпы, барлық ауруха­на­да­ ба­ла­лар­ бес мезгіл та­мақ­тан­ды­ры­ла­ды. Әртүрлі ауруларға, атап айтсақ ішек және ішек-қарын ау­ру­лары, бүйрек, бауыр және өт ауруларына байланысты, сондай-ақ операциядан кейінгі ауруларға тамақтар әртүрлі ас мәзірімен дайындалады. Берілетін астың көлемі мен құрамы баланың жасына да байланысты. Мәселен, бір жасқа дейінгі балаларға ана сүті жетпеген жағдайда, қосымша тамақ, яғни құрғақ сүт немесе қоспа беріледі. Ана сүті мүлде болмаса, балаға жа­­сан­­ды­ тамақ беріледі. Бір жасқа дей­­ін­гі балалар бестен де көп рет та­­мақ­­тан­дырылады.

– Қайырлы күн, мен – Қар­лы­ғаш Ал­тын­бек­­қы­зы­мын.­ Мынаны білгім ке­ле­­ді:­­ жаңа ғимараттағы ау­ру­ха­на­­ның­ басымдықтары қандай?
– Астанадағы №2 аурухана – хи­рур­гиялық профильді аурухана. Сон­дық­тан да, төсекқорының 85 пайызы хирургиялық ауруларды емдеуге арналған. Жаңа ауруханада бұрынғы балалар ауруханасында болмаған жаңа бөлімшелер бар. Олар: жақ пен бет аурулары және туа біткен кемшіліктерді емдеу; күй­ік, күйікке шалынған балаларды емдеу; қалыпқа келтіру; нефрология және неврология бөлімшелері. Сондай-ақ, хирургия бөлімшесінің құрамында қыз балалардың гине­ко­ло­гия­­лық­ ау­ру­ла­рын­ емдеу үш­ін­ төсек орындар бөлінген. Күй­ік,­ күйікке шалыну, жақ-бет ау­ру­ла­рын­ емдеу бұрындары рес­пуб­ли­ка­­лық­ ғылыми орталықта ере­сек­ па­ци­ент­тер­ді­ ем­дей­тін­ бө­лім­ше­­лер­­де­ жүр­гі­зі­ле­тін. Мұндай ма­ман­дан­ды­­рыл­­ған­ балаларды емдейтін бө­лім­ше­лер рес­­пуб­ли­ка­мыз­дың­ басқа ай­мақ­та­рын­да­ жоқ деуге болады.

Аурухана мен оның құрамындағы мамандандырылған клиникалық диагностикалық емхана ең соңғы медициналық техника мен құрал-жаб­дық­тар­дың жетістігіне сай жаб­­дық­тал­ған. Сондықтан, бұ­рын­­ғы бөлімшелер мен жаңадан аш­ыл­ған бөлімшелерде сапалы ма­­­ман­­дан­­ды­рылған медициналық кө­­мек­пен­ қатар жоғары сапалы ем жұ­мыс­та­ры­ жүргізіледі.

– Манас көшесінде ор­на­­лас­қан ескі ғимарат та ба­ла­ларды емдеу мекемесі бо­лып қалады дегенді естідік. Осы­ рас па?
– Иә, ол ғимаратқа Астана қа­ла­сының №1 балалар ауруханасы көшеді. Бұл ретте қала әкімшілігі мен Денсаулық сақтау басқармасы балаларға ерекше ықылас танытып,­ ғи­ма­ратқа күрделі жөндеу жасау­ мен­ құрылым модернизациясын­ лай­ықтап өткізуге барынша ықпал ету­де.­ Осының нәтижесінде қа­ла­мыз­да­ғы 2 көпқұрылымды ба­ла­лар­ ауруханасы Астана жас­өс­пі­рім­дерінің денсаулығын сақтау жұмыстарын толығынан игереді деп айтуға болады.

– Балам церебралды сал ауруымен ауырады. Дис­пан­серлік есепте тұр­мыз.­ Тегін емделуге қандай мүм­кін­дік­те­ріміз бар?
– Қазақстан Республикасы Ден­сау­­лық­­ сақ­тау­ ми­нис­т­рлі­гінің №­786­­ қаулысына сәйкес, тек це­ре­­б­­­рал­­ды­ сал ауруымен ауыратын­ ба­лалар ға­на­ емес, барлық нау­қас­ балалар бе­кі­­тіл­­ген тегін меди­ци­на­лық­ ке­­піл­­дік­­ кө­­ме­­гі­­мен­ то­лы­ғы­нан­ қам­тыл­ған.­ Сон­дықтан ау­ру­ха­на­мыз­­да­ғы­ бар­ ем ақысыз жасалады.

– Жалпы, қандай балаларға дә­рілер тегін беріледі?
–Амбулаторлы түрде көмек алатын ба­ла­лар: пневмо­ния,­ фарингит, бронхиалды астма,­ эпи­леп­сия,­ неф­рит,­ це­лиа­кия, му­ко­вис­цидоз се­кіл­ді­ сирек кез­де­се­тін­ ау­ру­лар­мен­­ ауыратын балалар те­гін дәрі-дәр­мек­пен­ қамтамасыз етіледі. Ал,­ стационарда емделетін науқас ба­ла­лар­ толығынан тегін түрде дә­рі­-дәр­мек­пен­ қамтамасыз етіледі. Егер кімде-кімнен дәріге ақы сұраса немесе дәрі-дәрмек әкелуді талап етсе, аурухана және емхана басшылығына ха­барлауыңыз қажет. Бұл жөнінде әр ем орталығында жарнамалар жа­зы­лып,­ ілінген.

– Астанада білікті маман дә­рі­герлердің тапшы еке­ні­нен­ хабардармыз. Сіз­дің­ ауруханада қандай маман­дар­ жетіспейді? Жалпы, мекеме­де­ кадрлардың біліктілігін же­тіл­діру­ мақсатында қандай жұ­мыс­тар­ жүргізілуде?
– Рас, бізде мұндай про­бле­ма­­­­ бар.­ Астанада бұл про­бле­ма­­ның­ ту­­ын­­дау­ы­ның­ негізгі се­бе­бі­ елорда­мыз­­да­ емдеу орта­лық­­та­­ры­ның­ көп­теп­ ашылуымен­ бай­ла­ныс­ты­ бо­лып отыр. Сон­дық­тан,­ өсіп ке­ле­ жатқан ба­ла­­ға­ киімнің тез тар бо­ла­ты­ны­ си­яқ­ты,­ біз де үлгере ал­май­ жа­тыр­мыз.­ Бірақ, соңғы кез­де­рі­ Ас­та­на медициналық уни­вер­си­те­ті­мен­ қоян-қолтық жұмыс­ істеудің арқасында мәселе ше­ші­­лу­­де.­­ Мәселен, өткен жылы 20-дан астам жас маманды, 60­-қа­ жуық орта буын маманда­рын­ жұмысқа қабылдадық. Бұ­рын­нан­ қызмет істеп жатқан ма­ман­да­ры­мызды елі­міз­ден­ тыс­­ жерлерде оқытып жа­тыр­мыз.­­ Атап айтсақ, 2012 жылы 15­ маман Ресей, Германия, Израйль­ және тағы басқа елдерде білімін жетілдіріп келді.

– Кішкентай балалары­мен­ жатқан аналар ке­реу­ет­ үшін ақша тө­лей­­­ді­ дегенді естідім. Сонда­ кім­­дер­­ге­­­ тегін қызмет көр­се­ті­леді?­
– Денсаулық сақтау кодексінде бекітілген қызметтерге сәйкес, 3 жасқа дейінгі балалардың ана­ла­ры­ немесе жақындары ау­ру­ха­наға тегін жатады. Үш жастан асқан балалардың ана­ла­­ры­­на айтылған заң бойынша ауруханаға ақылы түрде жатуға рұқсат етіледі. Егер үш жастан асқан баланың анасы ауруханадан тамақтанамын десе, бекітілген прейскурант бойынша ақылы тамақтандырылады. Осы жөнінде ата-аналар аурухана бас­шы­лығына өтініш жазуға тиіс.

– Балам әлсіз. Сәл су­ық­ тисе, тез ауырып қа­­ла­­ды.­­ Ау­ру­ха­на­ға­ жа­тып,­­ ем­де­луімізге бола ма? Ол­ үшін кімге жолығуымыз ке­рек?
– Жиі ауыратын балалар­ ау­ру­­ха­наға жату үшін емхананың педиатр дәрігеріне барып, жол­да­­­ма­ алуы керек. Ауруханаға жол­да­ма ар­қы­лы жату тәртібі жә­­не­­ ауру түрлері Денсаулық сақ­­тау­­ министрлігінің бұй­ры­ғы­­мен­ бе­кі­тіл­ген. Оны емхана­ дә­­рі­­гер­ле­рі­ мен­­ ау­ру­ха­на­ ма­­ман­­да­­ры­­ біледі жә­не оны мін­дет­ті­ ұстаным деп есеп­тейді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + nineteen =