Біз кімбіз, қайда барамыз?

0 105

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары саяси­ және әлеуметтік-экономикалық қиындықтар кезеңінде еліміздің алдағы даму мүмкіндіктерін нақты ғылыми түрде белгілеп берген «Қазақстан-2030» стратегиясы­ барлық өлшемдері бойынша­ мерзімнен бұрын, яғни 15 жылда орындалды. 

Мемлекеттің қалыптасу кезе­ңі­не арналған бұл стратегия­ өзі­нің­ тиім­ділігін және ғылыми негіз­ге­­ сүй­е­ніп, дұрыс жасалғандығын көр­­сетті. Қазақстан осы уақыт іш­ін­де әлемдегі дамыған елдер қа­та­ры­на­ қо­­сы­­лып тамаша табысқа қол жет­кіз­­­ді. Қазақстан халқы қазіргі өр­ке­ниет­­­тік үлгіге үйлесетін кемелденген мем­­лекет құрды. Сондықтан ұзақ мерзімге арналған екінші бағдарлама қабылдаудың қажеттігі туындады. 2012 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті рес­пуб­ли­ка халқына арналған «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы: қа­лып­тас­қан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғы­ты» атты Жолдауын жария­лап,­ елі­міз­дің дамуындағы жаңа ке­зе­ңі­нің басталғанын паш етті.

Әлем тарихына көз жүгіртсек, мұн­­дай­­ ұзақ мерзімді бағдарламалар бір­қа­тар елдердің өсіп, өркендеуіне игі әсер еткенін көреміз. Мұндай ұзақ мер­зімді стратегиялық жоспарлаулар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің гүл­де­нуін, Қытайдың қарқынды да­му­ын­ қамтамасыз еткені, «Маршал жос­парының» екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы күйреп шық­қан­ Ба­тыс Еуропаның қалпына ке­луі­не оң әсерін тигізгені белгілі. Бү­гін­де­ дүние жүзі елдерінің бірқатары 20­50 жылға бағдар ұстауда. Біріккен Ұлт­тар Ұйымы да 2050 жылға дейінгі өркениеттер да­муы­ның­ жаһандық болжамын әзірледі. Қытай да өзінің осындай жоспарын белгіледі. Ірі ин­дус­­­трия­­лық­ компаниялар да алдағы жар­­ты­ ғасырға даму стратегияларын әзір­­леу­де.

Елбасы Н.Назарбаев ұзақ мерзімді бағдарлама жасауда әлемдік дамудың осындай тағылымды тәжірибелерін де ескергені анық.

Ұлт Көшбасшысы: «Дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен терең­дігі, жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Көп­теген елдер қазірдің өзінде 2030-2050 жылдардың арғы жағына көз жіберуге тырысады. «Басқарылатын болжамдау» қазіргі тұрақсыз кезде мемлекеттер дамуының маңызды тетігіне айналуда» деп көрсетті. Президент Қазақстанды 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу міндетін жүктеді.

Стратегиялық тұрғыдан өте маңыз­ды­­ Жолдау еліміздің дамуының ал­дын­да тұрған міндеттердің жаңа пара­­диг­­ма­сын айқындап берді. Тәуел­­сіз республикамыз дамуының кең­ ау­­қым­да ал­ған­дағы жеті басты ба­ғы­ты­­ белгіленді.

Қазіргі әлем көз ілеспес жыл­дам­дық­пен өзгеруде және дамуда. Со­лардың ішінде бүкіл адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін жаңа қатерлер де туындауда. Елбасы өз Жолдауын­да­ осыларды талдап, жүйелеп, он жа­һан­дық­ негізгі сын-қатерлерді көрсетіп, олар­ды өз дамуымызда міндетті түрде ескеруді тапсырды.

Елбасы бірінші-үшінші қатерлерге жер шары тұрғындары санының тез өсіп, азық-түлік тапшылығының, бас­пана, т.б. қажеттіліктер мәселесінің шие­ленісуі мүмкіндігін жатқызды. Төр­­тін­­ші­ қа­тер­ге әлемдегі таза ауыз­­­­ су­дың тапшылығын, бесіншіге – жа­һан­дық энергетикалық қау­іп­­сіз­дікті қосты. Табиғи ресурс­тар­дың сарқылуын – алтыншы,­ үшін­ші индустриялық револю­ция­ны­­ – жетінші, әлеуметтік тұрақ­сыз­дықты – сегізінші, өркениет құн­ды­лық­та­ры­ның дағдарысын – тоғызыншы, әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупін оныншысын қатер деп пайымдады.

Әлем­дік қауымдастықтың бір бел­сен­ді субъектісі болғандықтан Қазақ­­с­тан да одан тысқары өмір сүре алмайды. Біздің еліміз де жаһандық өз­ге­ріс­тер­ге бейімделе отырып, өз саясатын жүзеге асыруда.

Жолдауда еліміздің сыртқы саясатын жаңғыртудың басымдықтары атап көрсетілді. Оның ішінде аймақтық және ұлттық қауіпсіздікті жан-жақты нығайту, экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту, мәдени-гуманитарлық, ғылым-білім және басқа шектес салалардағы ха­лық­аралық ынтымақтастықты арттыру, азаматтарымызды құқықтық қорғауды, олардың шетелдердегі же­ке,­ отбасылық, іскерлік мүдделерін қор­ғау­ды күшейту мақсаты көзделіп отыр.

Өзінің болашақтағы дамуын ай­қын белгілеген мемлекетіміз әл­ем­дегі үдей түс­кен әлеуметтік тұ­рақ­сыз­дық­қа, өр­ке­ниет­ құн­ды­лық­та­­рының дағдарысына, әлемдік жа­ңа тұрақсыздық қаупіне төтеп бере алуы керек. Елбасымыз бұл тұр­ғы­сын­дағы ой-пікірін: «Осыған бай­ла­ныс­ты біз халықаралық ахуал да­муы­ның кез келген көрінісіне жан­-жақ­ты дайын болу үшін биліктің бар­лық­ тар­мақ­та­ры­ның, мемлекет пен қоғамның ой­лас­ты­рылған, келісілген және үй­лес­ті­рілген бағытын тұжырымдауға тиіспіз» деп түйіндеді.

Осылайша «Біз кімбіз, қайда бара­мыз?»­ деген сауалдарға Елбасымыз тиімді жолдарын көрсетіп, тиісті жауа­бын айтты.

Сейтқали ДҮЙСЕН,
Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + ten =