«Біз – әлі де әлем үшін бейтаныс елміз»

0 148

Ерлан ҚАРИН, саясаттанушы

– Меніңше, жалпыадамзат біздің мәдениетімізге қаныға түседі. Иә, еліміз­дің аты шығып, даңқы жыл сайын артып келе жа­тыр. Біз Олимпиада ойын­дарында топ жарып, EXPO-ны ұтып жатырмыз. Осы жеңістер мен же­тіс­тіктердің арқасында бізді танып, мойындап жатыр. Бірақ біз – әлі де бол­са әлем үшін бей­таныс елміз. Тек Қазақстанды ғана емес, Орталық Азияның өзін көп ешкім біле бермейді. Мен бұрынырақта аймақтың көне саяси кар­таларын жинаумен әуестендім. Сонда байқа­ғаным, қай елді алсаңыз да географиялық атау­лары бағзыдан қазірге дейін бір атаумен ата­лады. Орталық Азияны қазақ, өзбек, қырғыз деп емес, «Тартария» деп көрсеткен. Орта ғасыр­ларда да, XVIII ғасырда да солай аталған. Тар­тария – белгісіз халықтардың мекені деген мағы­наны береді. ХІХ ғасырдағы француздар жасаған картаны қарасам, «ешкімге бағын­байтын халықтар мекені» деп көрсетілген. Бір жағынан жақсы естілгенімен, екінші жағынан жабайы дегенге келтірілген. Орталық Азияны күні бүгінге дейін жеке аймақ ретінде мойындау жоқ. Пен­тагонда біздің өңірмен Пәкістан мен Ауғанстанға арналған департаменті айналысады екен. Сыртқы істер ведомствосында Орталық Азияны зерттеумен Ресей департаменті шұғылданады. Міне, осыларға қарап, біз өзімізді жеке бір аймақ ретінде мойындата алмай жатырмыз ба деп ойлаймын.
(«Алаш айнасы» газетінен)

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =