Биыл елордада 12 жаңа мектеп салынады

0 11

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында жаңа 12 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп.Қала басшысы Алтай Көлгінов Майқайың мен А351 көшелерінің қиылысында орналасқан мектептің құрылысымен танысты. 1200 орындық мектеп 2021 жылы пайдалануға беріледі. «Қалада халық санының өсуіне орай әлеуметтік нысандарға жүктеме артып келеді. Қазір үш ауысымда оқытып жатқан мектептер бар. Үш ауысымдық оқыту мәселесін шешу үшін жылына кем дегенде 10 мектеп салуымыз қажет. Биыл 12 мектеп және 2021 жылы тағы сонша мектеп салынады. Құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп, абаттандыру мәселелерін алдын ала шешу қажет. Құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде санитарлық нормалар қатаң сақталуы керек» деді Алтай Көлгінов.
Мектеп құрылысына жеке инвес­торлар да қатысып жатыр. Кешенді жоспар аясында 5 жыл ішінде 60 мың орындық 50 мектеп (оның ішінде 10 мектеп қазіргі таңда жұмыс жасап тұрған мектептердің аумағында) салу жоспарланған. Бұл екі ауысымда 120 мыңға жуық оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × one =