«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Биыл елордада 11 мектеп ашылады

0 14

2022 жылы Нұр-Сұлтанда жыл соңына дейін барлығы 11 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. Бұл – 23 мыңнан астам оқушы жаңа мектеп табалдырығын аттайды деген сөз.

389e2222-0b31-4707-9fd1-4db179843ff2

Еліміздің астанасында жалпы 3 жыл ішінде 34 мектеп салынып, пайдалануға берілді, 70 мың оқушы заманауи құралдармен жабдықталған білім ордаларында оқып жүр.

«Биыл ашылуға тиіс жаңа мектептердің құрылысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр. Мысалы, соңғы 2 жылдың өзінде халық тығыз қоныстанған Есіл ауданында – 12, Алматы ауданында – 7, Байқоңыр ауданында – 4, Сарыарқа ауданында 2 мектеп салынды. Жыл соңына дейін тағы 11 мектеп пайдалануға берілмек, бұл 23 мыңнан астам оқушы орнын ашуға мүкіндік береді» деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы.

Мысалы, Сарыарқа ауданындағы №65 мектептің ерекшелігі сол – мұнда инклюзивті білім беру бар. Бұл мектепте есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар оқиды. Мұнда барлығы 3 мыңнан астам оқушы білім алып жүр, бұл оқу орнына қажеттілік тиісті жүктемеден асып түседі. Мектептің қуатын арттыру үшін жанынан жаңа корпус салынып жатыр. Ол тағы 1200 оқушы орнын (екі ауысымда) құруға мүмкіндік береді.

Демографиялық және көші-қон ағымына байланысты жыл сайынғы оқушылар контингенті де өсуде. Қазіргі таңда 15 мектептің контингенті шамадан тыс, 4 мектеп үш ауысымда жұмыс істеуде.

Оқушылардың орын тапшылығын, мектептердегі үш ауысымды оқыту мәселесін шешу мақсатында қаламызда 2022 жылдың соңына дейін 23580 орындық 11 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл, өз кезегінде, шамадан тыс 7 мектептің мәселесін шешеді.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды