Биыл Астана қаласына еліміздің өзге өңірлерінен келетін жәрмеңкені Қызылорда бастайды

0 105

Сыр өңірі 3-4 қыркүйек күні Оқушылар сарайы маңында елордалықтарға 45 түрлі өнім ұсынбақшы.

1408540481_kauyn-karbyz-1

Қызылордалықтардың биылғы жәрмеңкесі мереке рәуішінде өтпекші. Себебі Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен қоса, облыстың атақты күрішшісі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай концерттік бағдарлама көрсетіліп, Қызылорда облысының жеті ауданынан 45 түрлі өнімнің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Ағымдағы жылы облыс күрішшілері жоғары өнім алуды жоспарлап отыр. Ал олар астаналықтарға 70 тонна күріш жармасын алып келмекші.
Сонымен қатар, жәрмеңкеде 20 тонна балық, 90 тоннаға жуық көкөніс, 6 тонна алма және жеміс-жидектер, 33 тонна картоп, 70 тонна бақша дақылдары, 4 тонна сүт өнімдері, шұбат, қымыз, 2 тонна бал, 3 тонна кондитерлік өнімдер, 6 тонна ет және шұжық өнімдері, 1 тоннаға жуық ұлттық тағамдар мен 5 тонна Арал тұзы сатылады.
Бұл жәрмеңкеге барлығы 400 тон­наға жуық ауылшаруашылық өнімдері әкелінетін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + 4 =