Биыл 8000 пәтер пайдалануға беріледі

0 45

Елорда күні қарсаңында бас қалада құрылысы сегіз жылға созылған «Столичный-2» тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, 200-ден аса үлескердің мәселесі шешілді.– Ұзақ салынып жатқан әрбір құрылыспен біз жеке жұмыс жасап жатырмыз. Үлескерлердің мәселесі – Мемлекет басшысының бақылауында. Пандемияға қарамастан, құрылысшылар қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, құрылыс жұмыс­тарын жалғастыруда. Тағы бір проб­лемалы нысан – «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешені. Ол 2004 жылдан бері тұр. Техникалық тексеріс ғимарат апатты жағдайда екенін анықтады. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданды. Орнына жаңа тұр­ғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. 500-ден аса адам үлескер атанды. Сонымен қатар, ұзақ уақыт салынып жатқан «Шығыс», «Жағалау» тұрғын үйлері де бар. Әр нысан бойынша нақты жоспар бар, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов «Столичный-2» тұрғын үйіне пәтер алушыларына кілт тапсыру кезінде.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов биыл көппәтерлі 20 тұрғын үй кешені пайдалануға берілетінін, демек 8 мың үлескер көптен күткен пәтерлерін алатынын айтты. Бұл пәтерлер үй кезегінде тұрғандарға, көпбалалы отбасыларға, мүгедек баласы бар отбасыларға, бюджеттік қызметкерлерге және Тұрғын үй құрылыс банкі салымшыларына беріледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + 14 =