Биыл 12 мектеп салынады

0 51

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада құрылысы жүріп жатқан бірқатар білім беру нысандарына барып, олардың жай-кү­йімен танысты.– Елорда халқының саны жыл санап өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға, оның ішінде жалпы орта білім беру орындары мен балабақшаларға жүктеме көбе­йіп отыр. Биыл 20 мың орындық 12 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Оларды алдымен қажеттілік туындап отырған жерге саламыз. Бұл қаладағы үш ауысымды және шамадан тыс жүктемесі бар бірқатар мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді, – деді ол.
Оның айтуынша, оқу орындарының құрылысына жеке инвесторлар тартылады. Инвестициялық кеңесте 24 білім беру нысанын салу қолдау тауып, оның алтауында құрылыс жұмыстары басталды.
– Бүгін бірқатар мектептердің құрылысын барып көрдім. Инвесторларға жағдай жасаймыз. Олар үшін бұл тек әлеуметтік жауапкершілік қана емес, сонымен қатар нарықта жұмыс істеу мүмкіндігі. Қосымша жұмыс орындары пайда болады. Сондай-ақ жұмысшылар құрылыс барысында санитарлық нормаларды сақтап, абаттандыру жұмыстарын уақытылы жүргізу қажет, – деді елорда басшысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + eighteen =