БІТІМГЕРШІЛІКПЕН БІТКЕН ІС ЖАҚСЫ

0 151

1343255722_8-figbsd

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап судьяның қатысуымен өтетін бітімгершілік рәсімдерді азаматтық сот өндірісіне енгізудің пилоттық жобасы іске асырыла бастады.

Аталмыш жоба бітімгершілік рәсімдерді қолдану аясын кеңейтіп, судьялардың жүктемесі мен істерді қарау мен шешу бойынша процес­ке қатысушылар мен соттардың шығындарын азайтады.

Соттарда судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді енгізу жөніндегі Жоғарғы Сот қолға алған пилоттық жобаның шеңберінде ағымдағы жылдың мамыры мен маусым айларында 111 азаматтық іс, соның ішінде 11 іс апелляциялық тәртіппен қаралды.

Жалпы, дау санаттары тұр­ғы­сында сот медиациясы негізінен, берешекті өндіріп алу істерінде, атап айтқанда, коммуналдық қызметтің төлемақысы, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу, неке бұзу және материалдық зиянды өтеуде жиі қолданылады.

Пилоттық жоба негізінен ұйым­дастырушылық, ақпараттық және білім беру бағыттары бойынша жүзеге асуда. Атап айтқанда, ұйым­дастырушылық бағыт соттарда сот медиациясы арқылы бітімгершілік рәсімдерді жүргізу үшін арнайы кабинеттер ашуды, сонымен қатар, облыстық және оған теңестірілген соттардың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағаларының бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьялардың жұмысын ұйымдастыруды көздейді.

Ақпараттық бағытына келсек, пилоттық жобаға қатысатын сот­тардың интернет-ресурстарында тақырыптық бөлімдер құрып, БАҚ, теледидар арқылы соттарда бітімгершілік рәсімдерді қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ, соттарда ақпараттық стенділер орналастыруды көздейді.

Білім беру бағыты бойынша, бітім­гершілік рәсімдерді қолда­ну­дың халықаралық тәжірибесін зер­делеу бойынша сот медиация­сын жүзеге асыратын судьяның қаты­­суымен өткізілетін іс-шара­ларды ұйымдастырады. Бұған қоса бұл сегмент бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяларды семинарлар, тренингтер және қашықтықтан оқыту арқылы бітімгер­шілік дағдысына үйретуді қамтамасыз етеді.

Отан ТАШЕТОВ,
Астана қалалық сотының судьясы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 − 1 =