Біржан мен Мерейдің жеңісі

0 104

Қазақ боксшылары Біржан Жақып пен Мерей Ақшалов Германияның Галле қаласында аяқталған Chemistry Cup турнирінде жеңіске жетті.

Біржан финалда қытайлық Ли Винді 18:12 есебімен ұтса, Мерей Ақшалов германиялық Армен Харутенянды 19:18 есебімен жеңді. Жартылай финалда жеңілген Рустем Сыбаев пен Антон Пинчуктің қоржынында – қола жүлде. Осы додаға қатысқан моңғолиялық қандасымыз Еркін Жамантайұлы да қола жүлдеге қол жеткізіпті.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − 12 =