Бірқатар әуе рейстері тоқтатылады

0 9

Коронавирустың ел аумағына таралуын болдырмау үшін елордадан ұшатын бірнеше әуе рейстері тоқтатылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.1 наурыздан бастап карантиндік іс-шаралар қолданылатын мемлекеттер тізбесі кеңейіп, сол елдерден келген жолаушылар үшін қауіпсіздікті күшейтудің төртінші кезеңі енгізілді. Қазақстан мен Қытай арасында аптасына ұшатын барлық тұрақты 34 рейс 3 ақпаннан бастап тоқтатылды. Ал наурыздың бірінші жұлдызынан бастап Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстер саны аптасына тоғыздан үшке дейін қысқарды. «Эйр Астана» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Сеул бағыты аптасына екіден бір рейске дейін, Алматы – Сеул бағыты бойынша аптасына бестен бір рейске дейін және Asiana Airlines әуе компаниясының рейсі екіден бірге дейін шектелді.

Mahan Air әуе компаниясының Алматы – Тегеран бағыты бойынша рейстері 1 наурыздан, Нұр-Cұлтан – Баку бағыты 5 наурыздан бастап тоқтатылады. ­Алматы – Баку рейсі бестен бірге дейін, Ақтау – Баку рейсі жетіден бірге дейін (SCAT, осы әуе компанияның Нұр-Сұлтан – Токио бағыты да екіден бір рейске дейін шектеледі. Рейстердің тоқтатылуына байланысты аталған бағыттарға билеті бар жолаушылар бірінші наурыздан бастап әуе билеттерін қайтара алады. Оларды сатып алған жерден айыппұлсыз және толық көлемде қайтаруға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды