БIРЛIКТIҢ БIРЕГЕЙ МЕРЕКЕСI

0 121

Елбасының Жарлығына сәйкес 1 мамыр 1996 жылдан берi Қазақстан халқы  бiрлiгiнiң мерекесi ретiнде атап өтiлуде.
Татулық тойын лайықты атап өту мақсатында Астанадағы жиыр­­­мадан астам мәдени орта­лықтар да қызу дайындық үстiнде.

1 мамырда басты мереке қалалық алаңда  өтедi. Әрбiр мә­дени орта­лық өз өнерi мен  мәде­ниетiн қа­лың көп­шiлiкке көрсе­тедi деп жос­пар­ла­ну­да. Биылғы мерекенiң ерекшелiк­терi мына­дай. Алаңның қос қана­тына қатар  қондырылған шағын отау­лар әр ұлттың мәнерiнде безендiрiл­мек. Онда ұлттық киiм үлгiлерi, сазды аспаптар, қол­дан­балы өнер туынды­ларының көрмесi қойылады. Және әр ұлыстың салт-дәстүрлерiнен хабардар ететiн ша­ғын театрланды­рылған көрiнiстердi тамашалауға болады. Сондай-ақ, сан алуан ұлттардың ас мәзiрi де мере­келiк сауықтың көр­кiн ашпақ. Атап айтқанда өзбектiң палауы, кавказ­дық кәуап, татар­дың бәлiшi, ұй­ғыр­дың самсасы мен дүнген­дердiң  кеспесi қала тұрғындары мен қонақта­рының назарына қойы­лып,  олар­ды қалай әзiрлеу­дiң  құ­пиясын да   аспаз­дардан сұ­рап бiлу­дiң  сәтi түседi.
Әнсiз-күйсiз өтетiн мереке бола ма?! Ән мерекесiн «Видер­гебурт» немiс қоғамы, Қазақстан кәрiстер Ассоциациясы, «Вай­нах» шешен-ингуш этномәдени орталығы, «Лад» РСҚ Астана қа­лалық фи­лиалы, «Оберег» украин қоғамы және өзбек этно­мәдени орталы­ғының шығарма­шылық ұжым­дары қыздырып,  өз тiлдерiнде ән шырқап, би билейдi.
«Әр мерекенiң шырайын, жи­нал­ған жұрттың көңiлiн көтере­тiн украин ән-билерi қала тұр­ғын­­дарына жақсы таныс. Рес­пуб­­ликалық, қалалық фести­валь­дарда жеңiмпаз атанған бел­гiлi өнер­паздар Қазақстан ха­лық­тарының бiрлiгi күнiне орай арнайы  кон­церттiк бағдарлама жасады. Оны мереке күнi тама­шалап, бағасын берерсiздер», – дедi «Ватра» украин мәдени орталығының жетекшiсi Тарас Чернега.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + fourteen =